1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Ежелгі дәуірдегі мұғалімдердің қызметін айқындау



бет21/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

25.Ежелгі дәуірдегі мұғалімдердің қызметін айқындау
Мұғалімдер ерте заманда, адамдар алғашқы қауымдық жүйеде өмір сүрген кезде пайда болды. Ұстаздың басты міндеті – білім мен біліктілікті жаңа ұрпаққа жеткізу еді. Мысалы, олар өз руластарына таспен жұмыс жасауды, аң аулауды т.б. үйретті.
Мұғалімдер алғашқы өркениетті елдерде – Месопотамияда, Египетте, Ежелгі Афинада, Қытайда, Үндістанда пайда болды. Месопотамияда мұғалімдер балаларды ежелгі Грекиядағыдай арнайы таяқшалар арқылы балшық тақталарға жазуды үйретті. Тек Грекияда балауызбен жабылған ағаш тақта пайдаланылды.
Брахмандар Үндістанда мұғалім рөлін атқарды. Мысырда мұғалімдердің жұмысы біршама қиын еді. Себебі, мысыр тіліндегі 6000-нан астам иероглифтерді есте сақтау оңай емес. Ол кездерде оқымайтын оқушыларды ұру әдеттегі жағдай болатын.
Орта ғасырларда мектептердің рөлі айтарлықтай төмендеп, білім беру діни сипат алады. Яғни жазуды да, сөйлеуді де шіркеу кітаптары негізінде үйретеді. Жаңа дәуірде қыздар мен ұлдарға арналған бөлек мектептер ашылады.
Оқу орындарында әйелдер мен қыздарды жазу, оқу, әдептілік, би билеу, үй шаруасына үйретті. Олар өлең, әңгіме жазуға да жаттығады. Ұлдарға әскери міндеттер, жазу, оқу және санау үйретілді.
ХІХ-ХХ ғасырларда индустрияландыруға байланысты барлық жерде, соның ішінде ауылдарда мектептер ашыла бастады. Дәл осы кезеңде педагогикалық кадрларға деген қажеттілік артты – мұғалімдер көбейіп, оларға педагогикалық іс-әрекет пен пәндерді оқытатын арнайы оқу орындары ашылды.
«Педагог» сөзі бізге Ежелгі Грекиядан келді. Ол кезде бұл термин баланы мектепке апарған құлға қатысты қолданылған. Афина мұғалімінің міндеттеріне баланы сүйемелдеу, оны қорғау кіреді. Құл баланың физикалық немесе психикалық күйіне ешкімнің немесе ештеңенің зиянын тигізбеуін, оқу құралдарының орнында болуын, сондай-ақ оның әдептілігін қамтамасыз етуге жауапты болды.
Ежелгі Грекияда бұл жұмысты көбінесе ауыр еңбекке қабілетсіз және иесінің отбасына адалдығымен ерекшеленетін құлдар атқарды. Кейде жеті жасқа толмаған, яғни әлі мектепке бармаған баланы оқытуды оларға тапсыратын.
Элладада мұғалімдерді, сауатты, білімді адамдарды ерекше құрметтеген. Афинада тек ұлдар білім алса, Спартада қыздар да мектепте оқыды. Мектеп әсіресе Ежелгі Афинада дамыды және ол бірнеше түрге бөлінді: бастауыш мектеп, орта мектеп, палестрлар және гимназиялар болды.
Мектептерде жеті жастан бастап Гомер өлеңдері бойынша жазуға, оқуға үйретілді. Палеэстрлерде он екі жасынан бастап жігіттер күрес, жүгіру, найза және диск лақтыру, садақ ату сияқты спортпен айналысқан.
Ежелгі Грекияда мұғалімдерге үлкен құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі үшін мемлекет қаражаты есебінен жалақы төленетін. Олимпиада ойындарының жеңімпаздары жиі гимназияларда сабақ берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет