28.«Психология» термині туралы түсінікті сараптау Ежелгі грек тілінен аударғанда , психология ( псюхе - «жан » , логос - « ілім » ) жан туралы ілім дегенді білдіреді . Кең таралған көзқарастар бойынша , алғашқы психологиялық түсінктер діни нанымдармен байланысты болды . Шындығында , ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей , ежелгі грек философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз байланыста болатын практикалық таным үрдісінде пайда болады және жаратылысты - жалпы , жанды - жеке деп санайтын мифологиялық нанымдары бар дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды .
Жанды зерттеу және түсіндіру - психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды . Алайда , жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады . Әр түрлі тарихи кезеңдегі ғалымдар б ұл сөзге әр түрлі мазмұн берді . Психиканың мәніне деген ғылыми көзарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне - материя мен сананың , рухани және материалдық субстанциялардың арақатынасына байланысты болды .
Психология» термині XVI ғасырдың аяғында пайда болды. 1590 жылы ГОКЛЕНИУС-тың алғаш «психология» атты кітабы жарық көрді. 1594 жылы оның шәкірті Гасман осы атаумен екінші кітап шығарды. Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалистік философия , адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды . Жан туралы көзқарастар қандай болмасын метаморфозаларды бастан өткерсе де , жанды өмірдің қозғаушы көзі деген тұрақты болып қалды . Тек XVII ғасырда ғана Рене Декарт психологиялық ілімдердің дамуының жаңа кезеңі бастады .
Психология- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну апкылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы- сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.