1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Әскери психология саласының маңызын анықтау



бет37/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

43.Әскери психология саласының маңызын анықтау
Әскери психология – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі, әскери дәрежесі жоғарыларға сөзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен, әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру және т.б. мәселелерді зерттейді
Әскери психология адамның ұрыс уақытысындағы жүріс-тұрысын, басшылар мен бағыныштылар қарым-қатынасының психологиялық насихат және қарсы насихат жүргізу әдістерін, әскери ұжымды, соғыс техникасын, ұрыс қимылдарын басқарудың психологиялық мәселелерін зерттейді.
Әскери қызметкерлерге психикасының пайда болуының сыртқы және ішкі формаларын зерттеуде әскери-психологиялық дайындық көзделген. Сыртқы көрініс арқылы да, және басқа белгілері бойынша да қамқорлығындағы адамның ішкі және әлеміне тереңдей жете алу керек. Сонымен қатар олардың болашақтағы дамуын болжау, жауынгердің жеке басын қалыптастыру процесін жобалау, олармен жұмыс жасаудың ең тиімді жолдары мен әдістерін табу аса маңызды.
Әскери психология ғылым ретінде әкери ұжымның да психологиясын, олардың даму және көріну заңдылықтарын зерттейді. Бұл заңдылықтар белгілі бір деңгейде мектептің оқу ұжымына тән. Ұжымның психологиясы – бұл ұжымның мінез-құлқы мен әрекетіне толығымен немесе жекелей әсер ететін жалпы уайымдар, реакциялар, пікірлер, көңіл-күй мен арақатынастар. Ол жеке тұлғалар психикасы көрінісінің қарапайым арифметикалық топтастығы емес. Сонымен қатар ұжымның психологиясын тұлғаның психологиясына қарсы қоюға болмайды. Ұжымның психологиясы ұжым мүшелерінің жеке психологиясының өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Ол келесі компоненттерден құралады:

  • ынталандырушы компоненттер – ұжымдық қажеттіліктер, мүдделер, сұраныстар, мақсаттар, тілектер, дәстүрлер;

  • парасаттылық компоненттері – ұжымдық сезімдер мен көңіл-күйлер;

  • ерікті компоненттер – жігер, қайсарлық, тәртіптілік және т.б.

  • әлеуметтік компоненттер – ұжым мүшелерінің арасындағы арақатынасты сипаттайды (өзара тартыс, бәсекелестік, баға беру, мейірім, жақтырмау және т.б.)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет