1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Психология ғылымының негізгі зерттеу мәселелерін талдау



бет36/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

42.Психология ғылымының негізгі зерттеу мәселелерін талдау
Психология — психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т. Б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды — сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен түрады: оның біріншісі — «псюхе» (жан), екіншісі — «логос » (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген0 ұғымды білдіреді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б. з. д. 384—322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т. Б.) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т. Б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832—1920) болды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б. э. д. 460—370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше «жан мәңгі, өлмейді, өшпейді», — деп тұжырымдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет