1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Алғашқы психологиялық көзқарастарды (материалистік, идеолистік) айқындау



бет34/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

40.Алғашқы психологиялық көзқарастарды (материалистік, идеолистік) айқындау
Психиканы зерттеу және түсіндіру психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болады. Сонымен психология алғашқыда Жан туралы ғылым ретінде анықталды. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психиканың мәніні байланысты көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның өзекті мәселесі – материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасына байланысты болған.
Осы мәселе төңірегінде бір-біріне қарама-қарсы бағыт материализм мен идеализмнің талас тартысына толы болды. Психикалық құбылыстарды идеалистік тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материядан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында. Психика – тәнсіз, материясыз негіздің, «абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі-, дейді идеалистер. Материалистік түсінік бойынша психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс ретінде көрсетеді.
Идеалистік философия өкілдері материядан тәуелсіз еркше рухани бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық, тумайтын, әрі өлмейтін жан түрінде қарастырады. Діннің пайда болуымен психика «о дүниемен» байланысты, көрінбейтін, әрі мәңгі жасайтын, тәннің екінші бір баламасы- рухтық зат деп танылды. Бар әлемнің бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген әр түрлі идеалистік бағыттар дамыды.
Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалисті философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Тек ХVІІІ ғасырда психология ілімдерінің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де психикаға қатысы жоқтығын көрсетті. Р.Декарт ғылымға бір мезгілде екі ұғымды енгізді. Сана және рефлекс. Бірақ ол өз ілімінде жан мен тәнді бір-біріне қарама-қарсы қойды да, өзара тәуелсіз екі болмыс – материя және рухтың жасайтынын уағыздады. Сондықтан психология тарихында бұл ілім «дуализм»( екі тарапты) деген атаққа ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет