56.Педагогикалық мәдениет компоненттерін талдау Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің ғылыми-педагогикалық дайындығы мен тәжірибелік іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу дәрежесін бейнелейтін, оның педагогикалық іс-әрекет пен тәрбие қатынастарының субъектісі ретіндегі тұтас тұлғасының мәнді сипаттамасы.
«Педагогикалық мәдениет» түсінігі бұрыннан педагогикалық іс-әрекет практикасына енгізілген, ал оны теориялық зерттеу енді ғана қолға алынды. Педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін талдауға, педагогикалық қабілетті зерттеуге, мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты бұл проблема С.И.Архангельский, А.В.Барабанщиков, Е.В.Бондарева, З.Ф.Исарева, Н.В.Кузьмина т.б. еңбектерінен көрінеді. Философияда, әлеуметтануда, педагогика мен психологияда мәдени бағыттылықты зерттеумен байланысты, педагогикалық мәдениеттің кейбір жақтары талданды: мұғалім жеке тұлғасының әдіснамалық, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативті, технологиялық, рухани, дене мәдениеті. Бұл зерттеулерде педагогикалық мәдениет педагогикалық іс-әрекет жүйесінде көрінетін мұғалімнің жалпы мәдениетінің маңызды бөлімі. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті қоғамдық құбылыс ретінде педагогикалық мәдениеттің бөлімі болып табылады. Педагогикалық мәдениеттің таратушылары, олар кәсіби немесе кәсіби емес деңгейде педагогикалық практикамен айналысатын адамдар. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті таратушылар, олар педагогикалық әрекетті, педагогикалық қарым-қатынасты, жеке тұлғаны құрастыратын педагогикалық еңбек арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компонентіне мұғалімнің педагогикалық әрекетінің құралдары мен тәсілдері енеді. Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен нәтижелері жеке тұлға нәтижесінде құрылады. Педагогикалық әрекеттің гуманистік бағыттылығы жеке тұлғаның рухани қажеттілігін қанағаттандыру механизмін зерттеу мүмкіндігін береді. Педагогикалық әрекетті технологиялық әрекет деп атаймыз. Осыған байланысты педагогикалық әрекеттің операциялық талдануы қажет, ол педагогикалық есептерді шешу ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология педагогикалық мәдениеттің мәнін түсінуге көмектеседі, тарихи өзгеретін тәсілдерді ашады, әрекет бағыттарын түсіндіреді. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жеке бастық-шығармашылық компонентіне шығармашылық акт ретінде оның игерілу механизмі жатады. Педагогикалық құндылықтарды мұғалім жеке бастық-шығармашылық деңгейінде меңгереді. Педагогикалық мәдениет құндылықтарын игере отырып, педагог оларды қайта құрып, интерпретациялай алады, Педагогикалық шығармашылық сипаттамасы–педагогикалық мәдениет болып табылатын адамның өмір әрекетінің түрі. Шығармашылық педагогтан қажеттілікті, қабілетті, бостандықты, өзінділікті, жауапкершілікті талап етеді.