54.Педагог-психологтың сыртқы және ішкі көріністерінің үйлесімділігін көрсету 55.Әңгімелесу әдісінің жүргізілуін түсіндіру Әңгіме әдісі. Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім кӛлеміне қарай күні бұрын әзірлеген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме кӛбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сӛйлесу әдісіне ерекше мен беріледі.
Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Әңгімені де зертеу әдісі есебінде қолдануға болады, бірақ бұл негізгі әдіс емес, қосымша әдістердің бірі. Әңгіме арқылы зерттелетін адам туралы кейбір жалпы мағлұматтарды ғана алуға болады. Бұл әдіс арқылы, терең, толық зерттеу жүргізуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Бірақ, әңгіме ғылыми әдіс болу үшін, әрқайсысымен әңгіме жүргізуде оның алдына мақсат қойып, оның не үшін керектігін, ерте бастан жоспар құрып, әңгіме қай жолмен жүргізілетінін белгілеп алған жӛн. Не болса сол туралы әңгіме жүргізе бермей, керекті мәселелер, жағдайлар туралы әңгіме жүргізу керек. Әңгімелескенде балаларға түрлі сұрақтар қойып, олардың түрлі заттар, болмыстар туралы түсініктерін, ұғымдарын, неге қызығатынын, білімінің кӛлемін, тұрақтылығын, тереңдігін және т.б. білуге мүмкіншілік бар. Балалардың жауаптары толығымен стенография арқылы жазылып отырады. Әңгіме уақытында балалардың қылығына назар салып толық түрде белгілеп жазып отыруы қажет.
Әңгімелесу – 1) сөздің коммуникациялы үрдіске негізделе мағлұмат алатын психологиялық, педагогикалық зерттеу әдісі; 2) оқытудың сұрақ-жауап әдісі, жаңа білімдерді алу үрдісінде немесе бұрын алынған білімдерді қайталау мен бекітуде мұғалім оқушының ақыл-ой іс-әрекетін белсендендіру мақсатымен қолданады. Психологияда әңгімелесу адам психикасының сырын зерттеудегі әдістің бір түрі. Зерттеуші әңгіменің алдына қоятын мақсатқа қарай даярланып, сөйлесетін кісіден жауап алуы үшін сұрақтарды алдын ала ойлануы қажет. Әңгімелесу барысында сұрақтардың түрі мен мазмұны әңгімелесіп отырған сыналушының өзіндік ерекшеліктеріне қарай түрленіп отырады. Сұрақтар әңгіме етілетін тақырыпты толық қамтып, қойылған сұрақтар сыналушыға түсінікті болуы тиіс. Әңгімелесіп отырғанда зерттеуші сыналушының сырт көрінісін бақылап қана қоймай, оның сөйлеу ерекшеліктерін, мимикасын, қимылдарын, эмоциялық сезімдерін де байқап отырады. Қойылған мақсаттың мазмұнына қарай, әңгімені бір адаммен ғана емес, бірнешеуімен, тіпті тұтастай топпен өткізуге де болады. Әңгімелесудің мұндай түрі сыналушылардың жауабын бірбірімен салыстырып отыруға мүмкіндік туғызады. Әңгімені стенограммалап отырса орынды болады. Негізінен психологияда әңгімелесу қосымша әдістердің бірі болып есептеледі.