86.Жалпы мәдениет – педагогтың кәсібилігінің шартын дәлелдеу Педагогтың кәсібилігінің бір шарты – мәдениет болса, «мәдениет» ұғымының мәніне тоқталайық. «Мәдениет» термині латын тілінің «cultura» сөзінен аударғанда жерді өңдеу дегенді білдіреді. Кейін бұл ұғым кең мағынада қолданыла бастады. Мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Мәдениет адамсыз жаралмайды.
Белгілі американ психолог-гуманисі А. Маслоу «мәдениет біздің психологиялық және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек» дейді.
Мәдениет – адамның іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері және әдістерімен, сондай-ақ олар жасаған материалдық, рухани құндылықтармен сипатталатын қоғам дамуының, шығармашыл күштердің және адам қабілеттерінің тарихи анықталған деңгейі. Ол іс-әрекет (білім, білік, дағды, интеллект деңгейі, көзқарас, адамгершілік, эстетикалық дамуы, қарым-қатынас жасаудың тәсілдері мен түрлері) кезінде жүзеге асырылатын адам күші мен қабілеттерінен тұрады. Мәдениетті адамның тыныс тіршілігі оның әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі іспетті, яғни оқу-білім, ғылым, өнер салаларындағы қол жеткізген жетістіктері. Рухани байлықтың көзі - мәдениетте.
Адам өзінің даму барысында қоғамдағы мүмкіншілігін, рухани дамуын мәдениеті арқылы көрсетеді. Ол қоғамның дамуының түрлі мазмұнына сәйкес. Олай болса, мәдениет өзгермейтін, өзгеріске ұшырамайтын нәрсе деп қарауға болмайды. Кең мағынада мәдениет дегеніміз қоғамның, шығармашылық күштердің және адам қабілеттерінің дамуының тарихи белгілі бір деңгейі, ол адам өмірінің және іс-әрекетін ұйымдастыру формасы мен типі түрінде, материалдық және рухани құндылықтар түрінде көрініс табады. Тар мағынада мәдениет дегеніміз бұл адамның рухани өмірінің бір саласы, ол кәсіби және басқа іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі.
Мәдениеттің мәні өмірлік іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәсілдерімен анықталады. Соның ішінде педагогикалық мәдениет ұғымын қалай түсінуге болады? Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда білім беру мен тәрбиелеудің рухани және материалдық құндылықтары кең тұрғыда көрініс табады, ол тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар ауысуы тарихи процесіне қызмет көрсету үшін 45 қажетті шығармашылық педагогикалық іс-әрекет тәсілдері болып табылады. Педагогикалық мәдениет педагогикалық теорияларды және практиканы, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды, педагогикалық іс-әрекеттегі тұлғаның шығармашылық өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгеру тәсілдері ретінде қарастырылады. Мұғалімнің мәдениеті – білім ошақтарында ғана емес, күнделікті жүріс-тұрысынан, өзін қай ортада болсын ұстай білуден, өзгелер қызығатын жан дүниесі бай, кең, көпшіл, білімді, адамгершілігі мол, жан-жақты жарасымды болғанда ғана нағыз ұстаз екенін дәлелдейді.