87.Кәсіби құзыреттілік және педагогикалық шеберлікті анықтау Кәсіби құзыреттілік – оқытушының педагогикалық әрекеті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуі. Білімнің сапасын қамтамасыз ететін педагогтар болғандықтан, ең алдымен олар сапалы қызмет көрсетуі тиіс.
Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагог маманның кәсіби құзыреттілігіне оқытушының оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни білім алушылармен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына педагогқа тән болуы тиіс барлық, қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, оқытушының білім-білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық такт, әдеп т.б. жатқызамыз.
Кәсіби құзыреттілікке - тұлға маманның интегративті сапалар, білім, шеберліктер және дағдылар жүйесін, типтік міндеттерді шешу амалдарын талдау жатады. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру тұлғаның әртүрлі қасиеттерінен, оның негізгі қайнар көзі оқу және субъективті тәжірибесі болып табылады. Кәсіби құзыреттілік үнемі ұмтылысты жетілдіруді сипаттайды. Құзыреттіліктің психологиялық негізі өз біліктілігін көтеру, кәсіби дамытуды дайындауды қажет етеді. Педагогикалық кәсіп бір уақытта басқарушы және өзгеруші болып табылады. Тұлға дамуын басқару үшін құзыретті болуы қажет.
«Кәсіби құзыреттілік» адамның өзіндік кәсіби деңгейімен, тәжірибесімен және өзіндік қабілеттерімен ерекшеленіп, оның түрткі болған талпынысы, үздіксіз өз бетімен білім алу, білімін жетілдіру, іске деген шығармашылық анықталады. Педагогтің кәсіптік құзыреттілігі ол жалпыланған білімнің, дағдының және қабілеттіліктің, біліктілік пен іс–әрекет біртұтас және жүйеленген жиынтығы ретінде қарастыруға болады, өйткені ол педагогтің білімі мен дағдыларын іс жүзінде, кез–келген ортада, кәсіби міндеттерді шешу немесе күнделікті өмірде қандай да бір үрдістерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығы.
Педагогикалық шеберлік – болашақ мұғалім тұлғасының жеке дара,психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттерінің өзін-өзі іс жүзінде көрсетуінің деңгейі. Шығармашылық шеберлік ізденіс процесі арқылы жүзеге сырылады. Ал, кәсіби шеберлік – мамандығы және өзін-өзі ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыратын тұлға қасиеттерінің жиынтығы. Педагогикалық шеберлікті көптеген ғалымдар ғылыми заңдылықтар мен озат педагогикалық іс-тәжірибенің, жалпы кәсіби мәдениеттің, тұлғаның жеке және шығармашылық қабілеттерінің даму және жетілу нәтижелерінің бірлігі ретінде қарастырады.
Н.Ф.Маслова Педагогикалық шеберлік – мұғалімнің жалпы және кәсіби мәдениетінің дамуы және оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қолы жеткен жетістіктерінің жоғары сапасы
А.К.Маркова Педагогикалық шеберлік – мұғалімнің жеке тұлғасы, педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық іс-әрекеттің өзара үйлесімділігі
Педагогикалық шеберліктің ерекшеліктері: бағдарлық қабілеттілігі, педагогтік әдептілік, айқын сөйлеу, педагогтік техника, педагогтік тәуекелділік және т.б. сапалар болып табылады