88.Ғылыми эрудиция, құндылық бағдарлар туралы түсінікті қарастыру Педагогикалық мәдениет компоненттерінің бірі құндылық бағдарлар болса, негізінен құндылықтық бағдарлар тұлғаның қоғамдағы және әлеуметтік топтағы белгілі бір орнын анықтауға әсерін тигізеді, сонымен бірге топтағы адамның ойлауын, оның қоғамдық келбетін анықтайды. «Құндылықтық бағдарлар» түсінігі көптеген ғылымдар қиылысында дамыды - әлеуметтік жөне мәдени антропология, әлеуметтану, әлеуметтік психология, жалпы психология, құндылық философиясы, аксиология және т.б.
Ал, «құндылықтық бағдарлар» терминіне келетін болсақ, бұл термин 1964-1965 жылдар аралығында пайда болған. Құндылықтық бағдарлану адамдардың әлеуметтік құндылықтарды мақсат етіп қойып, сол мақсатқа жетулеріне тырысуы кезінде көрінеді. Күрделі құбылыс саналатындықтан құндылықтық бағдарлар ғалымдар тарапынан әр қырынан, әр тұрғыдан зерттелген. Антикалық дәуірге шегініс жасасақ, Сократтың айтуынша өмірлік құндылықтар негізінде адамгершіліктік мінезқұлық жатады.
Этиканың негізін салушы Сократ, антикалық философияның негізін қалай тұра жақсылық, адамгершілік және сұлулық не деген сұрақтарға жауап табуға тырысқан. Оның пікірі бойынша, осы негізгі өмірлік құндылықтарға білім арқылы жетудің негізі рухани мінез-құлықта жатыр. Әлеуметтануда В. Я. Ядов, И. С. Кон, Н. И. Лапина, С. Г. Климова т.б. құндылықтық бағдарлар мәселесін зерттеген. П. А. Сорокиннің айтуынша, тарих әр түрлі мәдени жүйелердің циклдық ауысымдарының процесі ретінде қарастырылады. Ал, бүл жерде құндылық қоғамның ең негізгі қозғаушы күші болып табылады. 89.Құндылық бағдарлар - педагогикалық мәдениеттің компоненттерін түсіндіру Құндылық бағдар - ( француз тілінен orientation ) — 1) субъектінің қоршаған шындық дүниені идеологиялық және онда бағдар алуы, бейімделуі; 2) индивидтің объектілерді олардың маңыздылығына жіктеу тәсілі. Құндылықбағдар әлеуметтік тәжірибені меңгеруде және мақсаттарда, мұрат — армандарда, сенімдерде, қызығушылықтарда және жеке адамдардың басқа да көріністерінде байқалады. Адамның іс — әрекет құрылысында құндылық бағдар оның танымдық және еріктік жақтарымен тығыз байланысты.
Құндылық бағдар жүйесі оның шындық дүниеге қатынасының мазмұндық жағын қалыптастырады. Адамдардың топтағы қарым – қатынасын анықтайтын біріккен іс — әрекет процесінде топтың құндылық бағдары қалыптасады. Топ мүшелерінің маңызды құндылық бағдарының дәл келуі, оның ұйымшылдылығын қамтамасыз етеді.
Құндылық - философияда, социологияда объектілерді, құбылыстарды, олардың қасиеттерін белгілеу үшін, сондай – ақ дерексіз ойлар, өзінде қоғамдық мұрат – армандарды жинаған және осыған байланысты міндеттілік үлгі ретінде көрінетін түсініктер. Құндылықтыңсанаға және іс — әрекетке байланысты объективті және трансценденттік түрін мойындап, маркстік философия құндылықты әлеуметтік топтардың және қауымдардың субъектінің бірыңғай жиынтығы ретінде көрінетін тұтас адамзат өмір іс — әрекетінің өнімі ретінде қарастырады. Құндылықтың пайда болуының үш түрі туралы айтуға болады. Біріншіден, құндылық қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы міндеттілік атрибуты туралы дерексіз көріністердің болуы, қоғамдық санада қалыптасқан, қоғамдық арман – мұрат ретінде .
Мұндай құндылықтар жалпы адамзаттың, мәңгіліктік (шындық, әсемдік, әділдік ), сондай–ақ нақты тарихы (патриархат, теңдік, жариялылық) болуы да мүмкін. Екіншіден, құндылық объективтендірілген түрде қоғамдық құндылық арман — мұраттардың нақты заттық көріністері болып табылатын (этикалық, эстетикалық, саясаттық, заңдық т.б.), материалдық және рухани мәдениет не адамзаттың әрекет шығармалары түрінде көрінеді. Үшіншіден әлеуметтік құндылықтар және өмір іс — әрекеті арқылы өтіп, оның мінез — құлқыныңмотивациясының бірден – бір қайнар көзі болып табылатын жеке құндылықтар түрінде жеке адамдардың психологиялық құрамына, құрылысына кіреді. Қоғамның рухани мәдениеті және жеке адамның рухани дүниесі арасын, қоғамдық және жекелік болмыс арасын қосатын буын ретіндегі жеке адам құндылықтарының ерекшелік бағыныштылығы, дербестілігі әрбір адамға тән, жеке адамның құндылықтарға жоғарғы саналыққа тән, олар санада құндылық бағдар түрінде бейнеленеді және адамдар арасындағы қарым – қатынасты және индивидтің мінез – құлқын әлеуметтік реттейтін маңызды фактор болып табылады.