1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Қарым-қатынас стилі және педагогикалық жетекші стильді талдау



бет81/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

97.Қарым-қатынас стилі және педагогикалық жетекші стильді талдау
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерімен танысып өтейік. Педагогикалық қарым-қатынас стилі- педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мүғалімнің балалармен қарым-катынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктеріне байланысты әр мүғалімнің кабинетке кіруімен бірге оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады.
Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында қарым-қатынастың мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлык, либералдық, демократиялық,
Қарым-қатынастың авторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімшң айтқанын, нұсқасын орындаушылар ретінде қабылданады. Оқушыларға ешқандай еркіндік берілмейді, олар үнемі бағынышты, тәуелді позицияда болып, педагогикалық ыкпалдың объектісіне айналады. Мұғалімнің дауыс ырғағында бұйрық беру, қатал тәртіп орнату, өктем сөйлеу, қысым жасау сияқты қасиеттері басым болады.
Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім тек оқыту процесімен шектеліп балалардың тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз беттерінше жібереді. Бұлдай қарым-қатынас стилі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныбында үлгерім де, тәртіп те қанағаттанарлықсыз болады. Мұғалім балалар ұжымының дамуына, жеке оқушылардың даму мәселелеріне немқұрайлы қарайды, қиын жағдайлардан құтылу үшін қатты талап қоюдан бас тартып ешкандай белсенділік, шығармашылық танытпайды.
Қарым-қатынастың демократиялық стилінде оқушы мен мүғалім педагогикалык қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымақтастық қарым-қатынаста болады, окушылардьщ жеке пікірлері есепке алынып, олардың белсенділіктері. шығармашылықтары жоғары бағаланады. Өзара қарым-қатынастары кеңес беру, ақыл айту, өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске асырылады. Мұндай стиль окушылардьң тұлға ретінде дамып қалыптасуына, олардың субъектілік позицияға ие болуына, гуманистік қатынастардың орнығуына, жағымды психологиялық ахуалдың калыптасуына әсері көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет