1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Педагогикалық имиджеологияның қалыптасу жолдарын түсіндіру



бет82/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

98.Педагогикалық имиджеологияның қалыптасу жолдарын түсіндіру
Педагог имиджі – мұғалім, оқытушы бейнесінің тәрбиеленушілер, әріптестер және әлеуметтік жұртшылық санасында, бұқаралық санада қабылданудың стереотипі. Педагог имиджінің қалыптасуында нақты сапалар тығыз байланыста болады, бұл оқушының, студенттің, ата-аналардың, жұртшылықтың ол туралы ойынан туған бейнесі.
Имиджді құраушылар туралы қарастырсақ: біріншден, адамның өзі, оның әлеуметтік ортада өзі туралы қандай мәліметтерді жеткізу мақсатында әрекеті, айналсындағыларға қандай қырынан көрінетіндігі.
В.М Шепель «Имиджеология: жеке тартымдылық құпиясы» атты еңбегінде имидж ұғымына төмендегідей анықтамалар берген:» имидж – адам туралы ұғым, мекеме туралы пікір, белгілі адамдармен, жасалатын заттар, индивидуалдық стиль адамды, адамдар тобын, мекемені сипаттайтын келбет».
С.И.Ожеговтың түсіндірмелі сөздігінде: «Имидж дегеніміз - ой-пікір, тұжырым, бір нәрсе туралы берілген көзқарас, қатынас» делінген .Әдетте, имиджді екі ракурста қарастырады, яни «бейне» немесе «бетперде». Бірінші жағдайда, имиджді адамның ішкі мазмұнының сыртқы көрініс табуы ретінде түсіну өзіне оның жеке тұлғасының әртүрлі бағыттарда күрделі қызмет атқаруын қосады және даралықтың нақты қызметі мен мінез – құлқына оның психикасының философиялық терең қабатының әсерін айқындайды. Екінші жағдайда, бір сәттік нақты бір мақсатқа жету үшін қажетті әрі жасанды бетперде қалыптастырылады.Имидж қалыптастырудың зор ерекшеліктерінің бірі, оның сыртқы тиімділікке бағытталуында ғана емес, адам өмірі мен оның қозғалыстағы бейнесінде көрініс табатын рухани – адамгершілік және субъективті – жеке мәнінің, яғни ділінің үйлесімділігінде.Осы байламды негізге алатын болсақ, имидж қалыптастыру стратегиясы мен тактикасын даярлаудың жаратылыстық негізі ретіндегі ділдің аса маңыздылығын толық түсінуге болады. Ділдің маңызды құрамдас бөліктері, яғни ұлттық тән мінезі, өмірлік қызметінің үлгісі, этнопси-хологиялық ерекшеліктері имиджмейкер жұмысының басымбағыттары үшін үлкен маңызға ие.
Тартымды кәсіби имидж қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі ретінде жеке тұлғаның рухани – адамгершілік сапасы баса көрсетіледі және оның негізі ретінде іскерлік пен көшбасшылық қасиеттер, туындаған дау – жанжалдарды шеше білу қабілеті, әріптестік қатынастар орната білуі, тіл табыса білу қабілеттері, сендіре білу, бейімделе білу, оптимизм, мейірімділік алынады.
Имидж - өзіндік қасиеттері, қарым-қатынас іс-әрекеті үйлесімді тұлға бейнесі. Имидж – ұстазды тәрбиеленушілердің, ұжым мүшелерінің іс-әрекетіне, адамгершілік қасиетіне қарай бағалауы..Педагогикалық имидждің басты бөлігі болып келесі:
1.Имиджді жасау ол тек толықтырушы, педагогикалық іс әрекетті ауыстыра алмайды.
2. Педагогикалық имиджді жасау үшін педагогикалық іс әрекеттен бұрын ұзақ көңіл аудару қажет.
3.Коммуникация негізінде қарапайым тіл қажет, қарастыратын мәселенің әрбіреуінің мәні болуы тиіс.
4.Міндетті түрде басқа жақтан эксперттер қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет