99.Педагогтардың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде сипаттау Тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі – сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуы болса, оқытушының сөйлеу тілінде сөз бен сөз тіркесін, сөйлемді дұрыс қалыптастыра білу үшін ой тиянақтылығы, әсерлілігі, сөз дәлдігі, сөйлемдердің өзіне тән әуені, ырғағы, үні, интонациясы, т.б. сөйлеу тілінің сапасын арттыруы қажет.
Оқытушы тілінен кездесетін кемшіліктердің бірі – сөз арасында жиі кездесетін: жаңағы, яки, яғни, және мінекей, жалпы, маған, иә, мәселен, әлгі, т.б. қыстырма сөздердің қайталануы. Студент ондай жағдайда сабақ тыңдамай “жаңағы” деген сөзін оқытушы бірнеше рет айтты деп санап отырады. Ол студенттерді де, тыңдаушыны да мезі етеді.
Оқытушы тілінде кездесетін кемшіліктер және мыналар:
-диалект, жаргон, кейбір қолданыста жоқ, әдебинормаға жатпайтын сөздерді жиі қолдану;
-барғын, айтқын, жазғын, келген;
-келгентұғын, келгемді, айтқамды;
-келгентұғым, айтқантұғым;
-кесей, айтсай;
-баралық, жазалық, көрелік;
-ыншы, -інші формаларын дұрыс пайдаланбай “жиырманшы” деп қолдану;
-аудитория жағдайында дәл емес, тұспалдап жеткізуде бірқатар сөздердің беретін мағынасын дұрыс айтпау.
Ұстаздың басты мақсатының бірі – студенттің тілін дамыту. Бұл өмір талабынан, тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Қоғамдық мәдениет өскен сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениетіне қойылатын талап та күшейе түсері анық. Ол үшін студенттер тілін ауызша да, жазбаша да дамытуды алғашқы кезден бастап қолға алу керек. Студенттердің сөз тіркесін, сөйлем құрылысын, морфологиялық тұлғаларды дұрыс қолдана білуі тіл мәдениетінің негізін арттыруға үлес қосады.
100.Сөйлеу техникасын жетілдіру жаттығуларын қарастыру Сөйлеу мəдениетімен қатар, сөйлеу техникасының да маңызы зор. Сөйлеу техникасы дегеніміз – əдемі үн, шыныққан дем, анық сөз.
Сонымен қатар, мəн-мағынамен байытылған сөйлеу техникасының өзі де – үлкен өнер.
Сөйлеу техникасы адамның ішкі жан дүниесін сөз құдіреті арқылы ашып, тек қана жаттап алу емес, терең оймен, үлкен сезіммен сезіну болып табылады.
Өлең – еркін сөйлейтін жай сөздер тіркесі ғана емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тəртіпке бағынатын нақтылы сөздердің тізбегі. Яғни, Абай айтқандай, «сөздің патшасы, сөз сарасы». Өлеңдегі əр сөз адамның жан дүниесімен, көңілкүйімен, сезім толқындарымен тармақ пен бунақ та, шумақ пен ұйқас та – бəрі де осында туған. Өлеңдегі əрбір тыныс, үн, үзіліс адам жанына əсер етеді. Өлеңнің əр ырғағы мен бунағында көл-көсір сыр ұялап, сезім шалқып жатады. Өйткені, өлеңдегі əрбір дыбыстың мəні сөз мəнін əрі толықтырады,
əрі ауыстырады.
Мəнерлеп оқуға ең қажеттісі дауыс техникасымен дұрыс жаттығу керек. Ол төмендегідей шығармашылыққа шыңдайды.
Шығармашылық диапазонын кеңейтеді;
Əрбір рөлді шебер етеді;
Іштей белсенділікке жəне жігерлілікке үйретеді;
Тіл мəдениетін толық меңгеруге мүмкіндік береді.
Мəнерлеп сөйлеу үлкен өнер болып табылады. Кейіпкердің ойын, жүрек сезімін, толғанысын өз сөзіндей етіп жеткізу, сөйлеу ережелеріне нұсқан келтірмей, драматургтың ой-тебіренісін айна-қатесіз көрермен құлағының құрышын қандырардай етіп жеткізу – ең қиын нəрсе.
Сөйлеу техникасын жете меңгерген адам драматург туындысының қасиетін, оның асыл құнарын тап басып жеткізуді қамтамасыз ете алады.
Дикция – тыныс, дауыс, орфоэпия, ауызекі сөздің логикалық интонациялық
заңдылықтары. Міне, осының бəрі – сөйлеу шеберлігінің маңызды да қажетті
қырлары.Сөйлеген кезде сөздің ішіндегі, сөздердің аралығындағы дыбыстар бірбіріне əсер етіп отырады. Яғни, бір-бірінің ыңғайына көніп, өзгеріп айтылуы да мүмкін. Сондықтан да, дыбыстар үндестігін сақтау сөйлеп тұрған адамның құлағына жұмсақ тиіп, сөзіне əуенді үн береді.
Проза – қазақ əдебиетінде кейінірек туған, бірақ, орасан зор шапшандықпен дамыған сала.
Көркем əдебиет тілі екі түрлі екендігі белгілі: