Ба Бағдарлама 5 тақырыптық блоктан тұрады: желгі және орта ғасырдағы Қостанай өлкесінің тарихы, Қостанай облысының фзикалық-географиялық сипаттамасы, Қостанай облысының экономикалық тарихы және әкімшілік аудандары, XVII ғ. аяғы - XVIII ғ. І жарт. Қостанай облысының территориясы, Тәуелсіздік кезеңіндегі Қостанай өлкесі.
Курс саясаты
Курсты оқу белсенді жүруі керек. Сондықтан студенттер курсты меңгеру мақсатымен жүйелі, екпінді жұмыс жасап, сабаққа үздіксіз дайындалулары керек. Студент пән бойынша тапсырма мазмұнымен өз уақытында танысып, практикалық және дәрістік сабақтарға дайын келулері керек. Дайындық деңгейі ауызша және жазбаша сұрау арқылы тексеріледі.
Студенттердің қатысқан әр сабағы жан-жақты және объективті бағаланады. Барлық жеке тапсырмалар уақытында орындалып, алдын ала қарастырылған ауызша немесе жазбаша формада белгіленген мерзімде тапсырылуы керек. Қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда барлық бақылау түрлері тек бір рет қайта тапсырылады.
Студент сабақты себепсіз қалдырмауы керек. Егер 50% себепсіз сабақ қалдыру болса, онда «0-ге» тең аттестация қойылады. Егер сабақ белгілі бір себептерге байланысты жіберілсе (сырқат, отбасылық жағдай және т.б.), онда студент оларды белгіленген уақытта арнайы тапсырмалар арқылы өтей алады.
Студент міндеттері:
- сабақ қа уақытында қатысу;
- оқу бағдарламасында қарастырылған барлық тапсырмаларды орындау;
- тәртіпті сақтау.
Оқу үрдісі уақытында ұялы телефонмен қолдануға тыйым салынады.
Студент кішіпейіл, шыдамды, ашық, айналадағыларына мейірімді (оқытушылар мен студенттерге) болуы керек.