1 Пән сипаттамасы:
Өлкетану пәні – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Кешенді өлкетану осылардың бәрін бір-бірімен байланысты қарастырады, салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетану пәнін оқу үшін, мазмұны мен зерттеу тәсілдері әр түрлі, бірақ өзінің жиынтығы туған өлкенің ғылыми және жан-жақты тануын зерттеумен айналысатын кешенді ғылыми пәндер арқылы оқытылады.
Пререквизиттері: Бұл пәнді бастағанша студенттер тарихи өлкетану жөнінде орта, жалпы орта мектепте білім алуы тиіс.
Постреквизиттер: Облысымыздың тарихы Қазақстан тарихы, география, археология, этнология, қосымша тарихи пәндермен тығыз байланысты.
1. Пәннің мақсаты: өлкенің тарихы мен демографиясын, экономикалық өмір, табиғи орта мен шаруашылық арасындағы байланысты, мәдени және рухани өмірді зерттеу;
2. Пәннің міндеттері:
- өлке жөніндегі түрлі ақпараттар, материалдық ескерткіш үлгілерін, т.б. мәліметтер жинақтау.
- Студенттерді облыс тарихының теориялық негіздерімен таныстыру.
- Адамның туған өлкесінің, оның тарихының маңызы, туған өлкенің Отанымыздың бір бөлшегі екенін, ал Отан қасиетті ұғым екенін ашып көрсету.
- Өлкетану материалдарын оқыту құрылымын, оның әдістерін анықтау.
- Студенттердің алған білімдерін мектептердегі «тарихи өлкетану» сабақтарында пайдалана білуге бағыттау.
- Студенттерді өз туған жерін, елін, ата-баба мұрасын құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
3. Оқыту нәтижелері:
1. Облыс тарихы туралы жүйелі білім алады;
2.Әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи процестерді талдау әдістері дағдысы бар;
3. Оқу және күнделікті өмірде теориялық білім мен зерттеу дағдыларын қолдануға қабілетті; білім берудегі инновациялық идеяларды жүзеге асырады, стандартты емес және балама шешімдерді қабылдай алады;
4. Тарихтан өтіп жатқан тарих туралы мәліметтерді, тарихты оқыту әдістемесінің негізгі мәселелерін талдауға және жинақтауға қабілетті.
5. Тарихи деректерді, құжаттарды талдауды біледі; тарихи үдерістерді талдау және себеп-салдарлық қатынастарды орнатуға қабілетті;
Коммуникациялық технологияларды, педагогикалық риторика дағдыларын, қарым-қатынас стратегияларын еркін игерген;
6. Отандық мәдениет және азық-түлік мәдениеті саласында білімдік дағдылары мен еркін меңгерген;
7. Тарихи дамудың заманауи мәселелері бойынша түрлі ақпарат көздерін қолдана алады;
8. Тарихи білімдердің білім дағдылары мен дағдыларын қолдануға және алған білімдерін студенттерге беруге қабілетті.
Оқытудың әдістері мен технологиялары: біліктілікке бағытталған оқыту, кейс-стади, жобалар әдісі, мәселелік дәріс, пікірталастық дәріс, дәріс-кеңес, "Сұрақ-жауап-талқылау" дәрісі, дәстүрлі емес дәріс, визуализация дәрісі, алдын ала қатемен жоспарланған дәріс, екі адам дәрісі, прес-конфереция дәрісі, әңгімелесу дәрісі, Пікірталас дәрісі, нақты жағдайды талқылау дәрісі. Пәнаралық семинар, мәселелік семинар, тақырыптық семинар, бағдарлы семинар, жүйелік семинар, семинар тренин
Достарыңызбен бөлісу: |