9. Ұпай қою саясаты Кредиттік технология жағдайында оқу процесін ұйымдастыру элементтерінің бірі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану болып табылады. Ұпай қою саясаты объективтілік, ашықтық, икемділік және жоғары саралаушылық принциптеріне негізделеді.
Пәнді оқыту барлық өтілген материалды қамтитын, әртүрлі формада (жазбаша немесе ауысша емтихан, тестілеу) емтихан қабылдаумен аяқталады. Емтихан тапсыруға рұқсат алудың негізгі шарты – бағдарлама бойынша барлық тапсырмаларды орындау.
Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.
№
Жұмыс түрі
Баға (max балл)
Саны
Жиынтық баға
Рейтинг 1
1
Жеке тапсырмалар
2
10
20
2
Зертханалық жұмысты орындау және қорғау
5
10
50
…
Бақылау жұмыстары және коллоквиумдар
3
10
30
Барлығы
100
Рейтинг 2
1
Жеке тапсырмалар
2
10
20
2
Зертханалық жұмысты орындау және қорғау
5
10
50
…
Бақылау жұмыстары және коллоквиумдар
3
10
30
Барлығы
100
Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы академиялық кезең бойынша алынған барлық ағымдық және аралық бақылаулар бағасы қосындысының орташа арифметикалық мәні болып табылады:
ЖР = (АБ1 + АБ2 + АБ3 +…. +АБn + АрБ1 + АрБ2) / (n+2), мұндағы ЖБ –емтиханға жіберу рейтингісі; АБ – ағымдық бақылау; АрБ – аралық бақылау; n – ағымдық бақылаулар саны; 2 – аралық бақылаулар саны.
Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық (семинарлық, зертханалық) жұмыстарды және БОӨЖ, БӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаған және тапсырған), емтиханға жіберу рейтингісін (50 баллдан кем емес) жинаған білім алушы жіберіледі. Пән бойынша емтиханға жіберу рейтингісі оң баға емес білім алушылар емтиханға жіберілмейді.
Пән бойынша қорытынды баға автоматты түрде төмендегі формула бойынша есептеледі:
Қ = (Р1+Р2)/2*0,6+емтихан бағасы*0,4, мұндағы Р1 – бірінші аралық бақылау бағасы; Р2 – екінші аалық бақылау бағасы. Пән бойынша қорытынды баға білім алушы тек емтиханға жіберу рейтингісі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оң баға алған жағдайда есептеледі. Қандай да бір дәлелді немесе дәлелсіз себептермен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда «Емтихан бағасы» бағанасына «0» (нөл) қойылады. Пән бойынша аралық аттестация нәтижелері білім алушыға сол күні хабарланады.