1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы



бет2/19
Дата16.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#140273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
1510937651370 Философия силлабус каз. 2020

4. Таным және шығармашылық.


Таным философия мәселесі ретінде. Әртүрлі философиялық тұжырымдамаларда білімнің мәнін анықтау. Танымның субъектісі мен объектісі. Танымның мүмкіндіктері мен шегі. Әлемнің түбегейлі танымдығы туралы мәселе: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм. Милет мектебінің натурфилософиясы және Скифтік Анарыстың скептицизмі. Д. Юмның скептицизмі. И. Канттың классикалық агностицизмі. Гегельдің диалектикалық әдісі. К. Поппердың «субъектсіз» эпистемологиясы.
Ақиқат және жаңылысу (адасу). Білім, ақиқат және жалған білім. Қазіргі Қазақстанды жаңғырту контекстіндегі білімнің салтанат құруы (білім культі). Ақиқаттың тұжырымдамалары. Ақиқаттың өлшемдері (критерийлері). Сезімдік және рационалды таным. Философиядағы рационалистік және эмпирикалық дәстүр. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция.


5. Білім, ғылым, техника және технологиялар.
Қазіргі ғылымның жетістіктері және олардың себептері. Философиядағы әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Ғылыми таным әдістері және ғылыми ақиқаттың ерекшелік мәні. Ғылыми және ғылымнан тыс білімнің демаркациясы мәселесі.
Ғылым құндылықтары. Ғылым білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде. Ғылым классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ибн-Сина, Ф. Бэкон, Гегель, О. Конт.
Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы. Сциентизм және антисциентизм. Ғылым және техника. Ыбырай Алтынсариннің білім беру философиясы. «Білімді адам» моделі. Ғылыми-техникалық прогрестің мәселелері және қазіргі ғылымның даму болашағы. Ғылым этикасы. А. Эйнштейн. Қазақстан ғылымының болашағы. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының отандық ғылым мен білім беру саласын дамытуға ықпалы.


6. Адам.

Адам және әлем. Заттар әлемі. Адамды танудағы философиялық зерттеудің ерекшелік мәні. Ежелгі үнді діни-философиялық ілімдерінде адам мәселесі. Конфуциандық және даосизм іліміндегі адам мәселесі: еркектік және әйелдік бастамалар (Инь/Янь). Антикалық философия тарихындағы адам мәселесі (Пифагор, Платон, Протагор, Сократ, Аристотель және т.б.). Христиан антропологиясы: адам - Құдайдың бейнесі мен сынары (А. Августин, Ф. Аквинский). Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсініктемесі (Пико делла Мирандола). Жаңа Заманның механикалық антропологиясы: адам – «дене» және адам – «машина» (Ж. Ламетри). Б. Паскаль: адам – «ойлайтын қамыс». Л. Фейербахтың антропологизмі. Адамның мәнін марксистік түсіну. Ф. Ницшенің асқан адам идеясы. Адам және оның әлемдегі болмысы: экзистенциализм. Әрекетшіл (белсенді) адам: прагматизм. Адам символдық жануар ретінде: Э. Кассирер. Ойнайтын адам: И. Хейзинга. Бір өлшемді адам: Г. Маркузе. ХХ ғ. философиялық антропология (М. Шелер, Х. Плеснер, А. Гелен).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет