Мектепке дайындық ұғымы. Мектепке дейінгі мекемелерде мектепке дайындықты жүзеге асыру жолдары.
Семинар-практикум
1 апта
2
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері
Балаларды мектепке даярлау
Балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту
Балалардың интеллектуалдық және жеке бастың қамтамасыз ету, олардың эмоциялық саулығы туралы қамқорлық жатады.
Ғылыми пікір
талас
2 апта
3
Мектепалды және мектепте білім берудің сабақтастығы
Мақсаты: бастауыш буын мен балабақша арасындағы оқу, тәрбие, оқу-әдістемелік жұмыстың үздіксіз, сабақтас болуын қамтамасыз ету.
Міндеттері:
балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндеттерін анықтау;
Балабақша тәрбиеленушілері мен мектепалды даярлық және бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайтуды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу;
балалардың ойын қызметінен оқу қызметіне өту кезеңіне қажетті жағдай жасау;
білім беру стандарттарын жүзеге асыру мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру.
Дөнгелек үстел
3 апта
4
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың және бастауыш сынып оқушысының психологиялық сипаты
Егер бұл жастағылардың негізгі іс-әрекеті ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқй қызметі шешуші рөл атқарады. Осыдан, оқу әрекеті – бала психикасының дамуына әсер ететін негізгі әрекет болып табылады. Ойынға қарағанда оқуға байланысты талаптар бала үшін күрделі болып келеді. Сонымен қатар, жаңа мектепке келген бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық өрісін кеңейтеді. Дегенмен, алғашқы уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, қиындықтар туындауы мүмкін.
Ғылымипікір
талас
4 апта
5
Балаларды бірінші сыныпқа бейімдеу ерекщеліктері
Қазірге кезде балалар психологиясы ғылымында, мектеп оқуына дайындықтың мазмұны тек баладағы біліммен, демек интеллектуалдық дайындығымен тұжырымдалмай, оның психикасының сапалы ерекшелігімен, яғни белгілі психикалық құрылымдардың қалыптасуына негізделеді.
Балалардың психофизиологиялық даму деңгейінің көрсеткіші – ол баланың кеңістікті қабылдау дәрежесі, көру аппаратының дәрежесі, қиял процесінің дәрежесі, қол саусақтарының икемділігі, сөз дыбыстарын таза шығарып, әр сөзді анық айтуы. Аталған психофизиологиялық сапалардың дамуы бір жағынан баланың оқу-әрекетін ойдағыдай меңгеріп, мектеп өміріне,демек,оқу әрекетінің субъектісі ретінде баланығ бойында сол әрекет барысында қалыптасатын сапалар пайда болып,әрі қарай дами түседі.
Сыни
ойлау
5 апта
6
Сабақты ұйымдастырудың негізгі формалары
Ал баланың оқуға ынтасын көтеру мәселелері, жоғары жас кезеңінде, сабақта бала ынтасының нашарлығы мәселесінде қаралады. Біздің ойымызша қандай да бір тапсырманы дәл орындауға ынтаны көтеру, сол тапсырмаға қатысты әрекет барысында жүріп жатады.демек, оқу тапсырмасын орындау ынтасы оқу әрекетінде ғана қалыптасуға мүмкіндігі бар. Мектепке дейінгі кезеңде мұндай әрекеттерге балалар бақшасында өткізілетін арнайы сабақтар жатады.
таныстырылым
6 апта
7
1-сынып оқушыларының оқу-таным іс-әрекетінің теориялық негіздері
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлем, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді, ойын арқылы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды, алғашқы білімдағдыларына бой ұрады. Ал, мектепке барысымен ол ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу, еңбектану іс-әрекетін меңгеретін болады.
Оқу іс-әрекетіндегі , тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мұмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада атқарылуы тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшері аз болғаны дұрыс. Сонымен қатар ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу; еңбектану іс-әрекетін меңгеретін болады. Осындай елеулі өзгерістерге қиналмай, еркін іс-әрекеттер жасай білу үшін баланың мектепке алғашқы психологиялық дайындығы болуы тиіс.
Дөнгелек үстөл
7 апта
8
Отбасымен өзара қатынас жасау қағидалары мен жағдайлары
Оқудың бірінші жылы баланың мектептегі өмірінің негізін қалайды. Бұл кезеңде оқушы үлкеннің басшылығымен өз дамуында өте маңызды қадам жасайды. Көп нәрсе бірінші сынып оқушысының ата-анасына байланысты. Баланың оқушы болуға ұмтылысын қолдап, оның мектептегі істеріне, шынайы жетістіктері мен қиындықтарына ата-ананың шынайы қарым- қатынасы жаңа орны мен іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуіне көмектеседі. Сол себепті баланың мектепке табысты бейімделіп, білім алуға деген ішкі тұғырын қалыптастыруда келесі жағдайларды ескереген жөн:
Бала мектепке оқу үшін келеді. Баланың қателік жасауға құқы бар.
Бірінші сынып оқушысымен бірге күн тәртібін жасау, оның орындауын қадағалау; оқу машықтарын меңгерудің бастапқы кезеңінде байқалатын кемшіліктерді елеусіз қалдырмау; бірінші сынып оқушысының жұмысында міндетті түрде мадақтауға болатын нәрсені іздеу, мадақтау мен эмоциялы қолдау («керемет», «сен өте жақсы орындадың») адамның ақыл-ой жетістігін көтереді;
бірінші сынып оқушысының өз мұғалімі туралы пікірін сыйлау;
оқу оңай емес, жауапкершілікті еңбек. Мектепке келу бала өмірін өзгертеді, бірақ оны ойыннан бөлмеу қажет. Ойын жаттығуына керекті уақыт қалуы керек.
Ғылыми
пікір
талас
8 апта
9
Балаларды оқуға және жазуға үйретудегі талдау-жинақтау әдістері
Ең бастысы, баланы жазуға үйретпес бұрын, оны оқуға үйрету керек. Тек үйрету ғана емес, сонымен бірге оны осы кәсіппен баурап алу керек. Осы ұпайларсыз жаттығу қатаң түрде жүреді.
Баланы күніне 15 минуттан аспайтын жазумен айналыстырған дұрыс. Жазу дағдыларын дамыту үшін бұлшықеттердің үйлесімді жұмысына қол жеткізу, көру жадын, кеңістікті қабылдауды, зейінділікті және табандылықты дамыту қажет. Мектеп жасына дейінгі баланың бәрін бірден игеру қиын міндет, сондықтан оны сабақтарсыз айналып өту мүмкін емес.
Баланы асықтырмаған жөн. Зерттеулерге сәйкес, бала үш жасында әріптер мен суреттердің арасындағы айырмашылықты байқай бастайды. Бұл оның оқи алатын-білмеуіне байланысты. Бірақ баланың миы тек 5-7 жасқа дейін жазуға дайын болады.
Реферат қорғау
9 апта
10
Жазу барысында балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру
Балалардың оқу тапсырмаларын екі топқа бөлуге болады: 1) Балалардың назарын аударып, қызық мазмұнды немесе қызық формадағы тапсырмалар. Мысалы, ойын формасында орындалатын тапсырмалар. 2) Мұндай қызықтығы жоқ (мысалы жазуды меңгеру жұмысы), тапсырмалар әдетте ерексектің нұсқауы бойынша немесе сол әрекеттің жазуды меңгеруге қажеттілігін саналы түрде түсіну арқылы және балаларда тапсырманы орындауға ынтасының қалыптасуы арқылы орындалып жатады.
Бірінші жағдай, баланың оқуға деген қызығуының жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Екінші жағдайда «қызық емес» тапсырманы орындау – баладан ырықты процестердің ең жоғары деңгейін талап етеді, сондықтан бұл жас кезеңіне тән емес. Ал үшінші жағдай – тапсырманы орындауға ынтасының қалыптасуы-бұл жаста әбден болуы мүмкін. Қазіргі күні дәл осы жағдайдың ерекшелігін, даму шартын зерттеу өте маңызды деп ойлаймыз, өйткені бала оқу тапсырмасын орындауға ынтасы қалыптаспай мектеп өміріне бейімделуі мүмкін емес.
таныстырылым
10 апта
11
Сауат ашу үрдісіне немесе дыбыс пен әріпке талдау
Сауат ашу кезінде балалар төмендегідей дағдыларды меңгерулері тиіс.
1. Сөйлемді сөзге, буынға, дыбысқа талдау.
2. Сөз ішіндегі дыбыстарды ажырата білу.
3. Кеспе әріптерден сөз құрастыру.
4. Сөздерді буынға бөліп оқи білу.
5. Өлеңдерді жатқа мәнерлеп айта білу.
6. Тәрбиешінің сұрақтарына жауап бере білуі.
7. Заттарды белгілеріне қарай ажырата білу.
8. Өздерінің байқағандары бойынша әңгімелеуге, баяндауға үйрету.
Схеманы ұсыну
Ғылыми
баяндама жоба
11 апта
12
Бала тілі мен ойын дамытудың әдістері мен тәсілдері
Тілдік тұлға қалыптастыруда заманауи әдіс-тәсілдер баланы тәрбиелеп, білім біліктілігін арттырып қана қоймай, балаларға еркін ойлауға мүмкіндік береді; ақыл-ойы дамиды, шығармашылық деңгейі артады, топтық іс-әрекетке тәрбиеленеді, тіл байлығы жетіледі, өзі жан-жақты жетіледі, өз ойын еркін жеткізеді. Заманауи әдістердің дұрыс қолданылуы – бала тілін дамытуға, олардың сөздік қорын молайтуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, ойлау қабілетін дамытуға, ойын еркін жеткізе білуге үйретеді, әлеуметтік мүмкіндіктерін арттырады.
Семинар-практикум
12 апта
Барлығы:
Барлық сұрақтар бойынша кеңес беру - кестеге сәйкес