1 Пән туралы ақпарат


Тақырып 7 1-сынып оқушыларының оқу-таным іс-әрекетінің теориялық негіздері



бет8/16
Дата11.10.2024
өлшемі354,7 Kb.
#147719
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
силлабус ПиАДШ

Тақырып 7 1-сынып оқушыларының оқу-таным іс-әрекетінің теориялық негіздері
Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында бала бойында жеткілікті байқалатын мектепке деген қызығушылық қалыптасатынын көптеген психологтар дәлелдеген. Психологтар (Л.И.Божович, П.С.Славина) 6-7 жастағы бала бойындағы бұл ерекшеліктерді мектеп оқушысының ішкі тұғыры ретінде анықтайды. Бала мектепке барып сөмке ұстағысы келеді және оның қоршаған адамдар оның әлі «кішкентай» еместігін білгенін қалайды. Осы аталған қажеттілік мектепке субьективті дайындықты қалыптастырады. Сонымен қоса мектепке обьективті дайындықта бар – ол бала оқуды бастайтын білім мен біліктілік деңгейі.
Мектепке білім алудың басталуы мотивация сипатына әсер етеді. Балаларда танымдық қызығушылығы өте ерте, мектепке дейінгі кезеңде пайда болады. Олар өздерінің қызығушылықтарын әр түрлі жолдармен қанағаттандырады. Оқуға ауысу бала дамуының жаңа кезеңін білдіреді. Оқу өмірдегі маңызды әлеуметтік іс-әрекет. Қаншалықты біз оларды оқуға қажетті мотивтер көрсете алсақ, соншалықты тез қалыптаса бастайды.
Тақырып 8 Отбасымен өзара қатынас жасау қағидалары мен жағдайлары
«Ата-ана – бала» жұбындағы кез келген қарым-қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы бола отырып, қарым-қатынас үлкен педагогикалық мүмкіндіктерге ие. Тәрбие мақсатына жету үшін ата-аналар әр түрлі әсерлерге жүгінеді: мадақтау және жазалау. Балаларды саналы түрде мадақтау нәтижесінде баланың тұлға ретінде дамуын жеделдетуге болады. Егерде жазалау қажеттілігі туындаса, онда оны тек қана қажетті жағдайда ғана қолдану керек. Өте қатал жаза нәтижесінде балада қорқыныш немесе өшпенділік болуы мүмкін. Кез келген физикалық әсер нәтижесінде балада өзіне ұнамаған жағдайды күшпен шешуге болады деген ұстанымды туындатады.
Әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жіберіп жатады. Мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет