Тақырып 9 Балаларды оқуға және жазуға үйретудегі талдау-жинақтау әдістері Жазуға үйрету жүйесінде әр түрлі әдістер: көшіре жазу әдісі, сызықтық әдіс, ритмикалық әдіс, генетикалық әдіс, Карстер әдісі кеңінен қолданылады. Баланы жазуға үйрету интеграциялық сабақтармен қатар арнайы сабақтарда, жүйелі жаттығулар мен ойындардын көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қолын жазу дағдыландыру жаттығулармен қатар,оқу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру міндеті де қойылады:үлкендерді мұқият тындау білігі,олардын нұсқауы бойынша әрекет жасау,өз бетінше алдына қойылған ақыл-ой міндеттерін шешу,өз әрекетін бақылау және т.б.
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізі мен олардың жасалуы тіл білімнің басты бір саласы – фонетика болып табылады.
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер – дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі:
қатынас құралы;
пікір алысу құралы ;
танымдық құрал ;
ойлау құралы болмас еді.
Тілдің дыбыстық жағы - сөздер мен граматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады.
Тақырып 10 Жазу барысында балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқуы мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес.
Мектеп алды балаларының жазу дағдыларын дамытудың тиімді әдістемесін жасау жұмысы олардың физиологиялық және психологиялық заңдылықтарын ескеру арқылы жүргізілетіні белгілі. Психология ғылымы ең алдымен балаларға берілетін білім, білік, дағдылар мазмұнын айқындау кезінде аса маңызды рөл атқарады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға оқу, жазуды үйретудің әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден пікір – талас туғызып келеді.
Американдық психолог Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла десе, 20 – жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Жазуға үйрету кезінде саусақтың қозғалысының маңызы өте зор. Яғни, бала қаламсапты ұстай білу керек.Бұл қозғалыстар мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Т.С.Коморова « Бала 3 жасында қол қимылы қалыптасқанымен қаламсапты ұстай алмайды». Бұл қабілеттерді арнайы жаттуғулар арқылы: сурет салу, жабыстыру тағы басқа жұмыстар жүргізу негізінде қалыптастыруға болады.