Бактериалдық жасушаның негізгі химиялық заттарды білу.
Органикалық заттардың торшада атқаратын қызметін меңгеру.
Бақылау сұрақтары: 1 Микроағзалардың ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
2 Бактериялардың химиялық құрамы?
3 Негізігі оганикалық заттардың жасушадағы рөлі?
4 Минералды заттардың түрлері, атқаратын қызметі?
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Тапсырмаларды орындаңыздар, жұмыстың барысын суреттеп айтыңыздар және лайықты қорытындылар шығарыңыздар. Жұмыс соңында бақылау сұрақтарға жауап беріңіздер. Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі. Қосымша мәлімет алуға ұсынылатын әдебиеттер: силлабус соңында берілген