1 Пән туралы мәліметтер


АПТА. №5 дәріс: Антропогенді экожүйелер



бет10/66
Дата29.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#53556
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
3 АПТА.

5 дәріс: Антропогенді экожүйелер.


Әдістер: проблемалық дәріс.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Антропогенді экожүйелер туралы түсінік.
2. Табиғи және антропогенді экожүйелер айырмашылықтары.

Антропогенді экожүйелер табиғи тепе теңдікте тұрмайды. Оған әсер ететін факторлар мөлшері шамадан тыс болғанда олар бұзылып антропогенді экожүйелерге айналады.


Антропогенді экожүйелердің бірінші типіне ашық әдіспен өндірілетін өндіріс орындарының карьерлер жатады. Минеральды шикізат кенорындарын ашық әдіспен игеру пайдалы қазбаларды қазып алу үшін едәуір жер көлемдерін алумен байланысты. Ашық игеру нәтижесінде карьер шұңқырлары және сыртқы үйінділер түріндегі антропогендік ландшафттар пайда болады. Бұзылған жерлер қайта қалпына келтірілгенге дейін қоршаған табиғат ортасының атмосферасын, гидросферасын және литосферасын ластауыш көзі болып табылады. Қалыптасатын карьерлер мен аршыма таужыныстарының үйінділері едәуір көлемдегі тау-кен массаларының тасымалдануы нәтижесінде қоршаған орта үшін көптеген проблемалар тудырады, яғни табиғи ландшафта түбірлі өзгерістер пайда болады. Республикамызда бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру қарқыны пайдалы қазба кенорындарын ашық әдіспен игеру кезінде бұзылған жер мөлшеріне сай еместігін көрсетіп отыр.
Антропогенді экожүйелердің екінші типіне жасанды экожүйелер жатады. Мысалы егістік алқаптары мен орман жолақтары оларды бірқалыпты тұрақты жағдайда ұстап түру үшін адам еңбегін қажет етеді.
Антропогенді экожүйелердің үшінші типіне индустриальды-қала экожүйелері жатады. Оларда энергия айналымы табиғи экожүйелермен салыстырғанда 2-3 есе артық.
Биоалуантүрлілік антропогендік экожүйелерде азайады (кесте 1).

Кесте 1. Табиғи және антропогенді экожүйелердің салыстырмалы сипаттамасы (Миллер бойынша, 1993)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет