1 Пән туралы мәліметтер



бет11/66
Дата29.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#53556
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66
Байланысты:
2022 ЖЭН титул 2

Табиғи экожүйе
(батпақ, шалғын, орман)

Антропогенді экожүйе
(егістік танап, завод, ғимарат)

Күн энергиясын пайдаланады,згертеді және жинақтайды

Қазба отындар мен ядролық отын энергиясын тұтынады

Оттегін бөліп шығарады және көмірқышқыл газын сіңіреді

Оттегін пайдаланады және қазба отындарды жаққанда көмірқышқыл газы бөлінеді

Құнарлы топырақ қалыптасуына әкеледі

Құнарлы топырақтың құнарлығын төмендетіп және жойылуына әкеледі

Суды жинақтайды, тазартады және біртіндеп үнемді шығындайды

Суды көп тұтынады және оны ластайды.

Жабайы табиғаттың көптеген түрлерінің мекен ету ортасын түзеді

Жабайы табиғаттың көптеген түрлерінің мекен ету ортасын бұзады.

Ластаушылар мен қалдықтарды сүзеді және залалсыздандырады, қаржы қажет емес

Ластаушылар мен көптеген мөлшерде қалдықтар түзіледі, оларды жою тұрғындар есебінен жүреді

Өзін өзі сақтауға және қалпына келтіруге қабілетті

Бірқалыпты тұрақты ұстап тұру үшін көп қаржыны қажет етеді



Әдебиеттер:
1. Аюпов Е.Е. Восстановление нарушенных экосистем: учебное пособие. – Уральск: Зап. – Каз.аграр. – техн. ун-т им.Жангирхана, 2016. – 11-13 с.
6 дәріс: Агроэкожүйелер.
Әдістері: дәріс.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Агроэкожүйелер ерекшеліктері.
2. Табиғи және агроэкожүйелердің салыстырмалы сипаттамасы.

Қазіргі кезде құрлықтың 30 пайыздан астам бөлігін егістіктер мен жайылымдар алып жатады. Агроэкожүйелердің қарапайым болуына қарамастан, бұларда да өнімділікке әсер ететін биогеоценотикалық байланыстар көптеп сақталады.


Жоғары, сапалы өнім алу үшін адам қолымен жасалған агроэкожүйелердің табиғи экожүйелерден бірқатар айырмашылықтары бар:
1) Агроэкожүйелерде организмдердің түрлік саны әлдеқайда аз болады. Әдетте егістіктерде өсімдіктердің бір немесе бірнеше түрлері ғана өседі. Осыған орай биоценозда жануарлар саны, микроорганизмдер құрамы азаяды. Малдарды жаю да жайылымдағы түрлік құрамға әсер етеді.
2) Мәдени түрлерге адам қолымен жасанды сұрыпталу жасалады. Сондықтан тіршілік үшін күресте олар адамның қолдауынсыз жабайы түрлерге төтеп бере алмайды.
3) Агроэкожүйелер күннен басқа адамдардың іс-әрекетінен, жануарлардан қосымша энергия ағыныны алады. Алғашқы таза өнім экожүйеден жоғалады да, қоректік тізбекке қосылмайды (кесте 1).

Кесте 1. Табиғи және агроэкожүйелердің салыстырмалы сипаттамасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет