Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ценоздардың түрлік құрылымы және түрлік әртүрлілік.
2. Қауымдастықтың систематикалық құрылымының ақпараттық индекстері.
3. Биоалуантүрлілік индекстері (Симпсон, Маргалеф, Менхиник т.б. индекстері).
Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша конспект жазу. Берілген тапсырма бойынша өлшеулердің анықталмаған коэффициентін есептеу, қорытынды жасау.
Бақылау сұрақтары: 1.Қауымдастық құрылымы қалай сипатталады?
2. Қауымдастық құрылымыының күрделілік дәрежесі қалай анықталады?
3. Жүйенің ақпараттылық немесе реттелу дәрежесі қандай формуламен анықталады?
4. Доминант, субдоминант, эдификатор, қосымша, сирек түрлер анықтамасы.
Есеп беру түрі: Сұрақтар бойынша талқылау, конспект, есептеу жұмыстары және оған түсіндірме жазба.
Өткізу формасы: практикалық жұмыс.
Бағалау критерийлері:
90-100 балл – студент практикалық сабақтардың тапсырмаларын (кем дегенде 90%) түгел орындаған, графикалық жұмыстар толық, қорытынды жасалған, дұрыс безендірілген. Жауап ғылыми терминдермен тұжырымдалған, студент теориялық білімін көрсете біледі.
89-70 балл – студент практикалық сабақтардың тапсырмаларын (кем дегенде 70%) түгел орындаған, бірақ жұмысты орындау барысы туралы толық емес жауап береді, қорытынды жасауда және мысалдар келтіруде қиналады, студенттің пікірі жалпылама. Графикалық және есептеу жұмыстарды безендіруде аздап қателіктер бар.
69-50 балл – студент практикалық сабақтардың тапсырмаларын (кем дегенде 50%) толық орындамаған, зертханалық жұмыс орындау барысы туралы толық жауап бере алмайды, қорытынды дұрыс емес. Графикалық және есептеу жұмыстарды безендіруде қателіктер бар.
0-49 балл – практикалық жұмыс орындалмаған (50%-дан кем), жазбаша жұмыс рәсімдеу стандарттары сақталмаған. Жұмысты қорғау кезінде студент дұрыс түсінік бере алмайды, қате жауаптар береді, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмайды.