1 Пән туралы мәліметтер


Тақырыбы: «Жүйелік экология негіздері» пәнінің ғылыми терминологиясы



бет47/66
Дата29.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#53556
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
Тақырыбы: «Жүйелік экология негіздері» пәнінің ғылыми терминологиясы.
1. «Жүйелік экология негіздері» пәнінің ғылыми терминологиясын жазу.
Әдістемелік нұсқау: Жүйелі экология түсініктеріне (экология, қоршаған орта, тұрақты даму, баланс, жүйе, анализ, өлшеу, проблема, жүйелі бағыт т.б.) глоссарий жазу (кем дегенде 10 термин).
Үй тапсырмаларын орындау мерзімдері: график бойынша, 1 апта
Есеп беру түрі: глоссарийды тексеру. Терминологиямен жұмыс.


Әдебиеттер:
1. Экология және тұрақты даму. Оқулық / Тонкопий М.С., Сатбаева Г.С., Ишкулова Н.П., Анисимова Н.М. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 80-88 бет.
2 апта.
3 ОЖСӨЖ мазмұны.
Тақырыбы: Құрлық және су экожүйелерінің құрылымы.
1) Ұсынылып отырған әдебиет көздерімен танысып, тексеруге «Құрлық және су экожүйелері» тақырыбында баяндама және презентация дайындаңыз.
2) Есепті шығарыңыз:
Авария нәтижесінде құрамында 60 гр сурьма (Мсурьма) бар ақпа су 1000 м2 (S) жайылымды ластады. Судың топыраққа ену тереңдігі – 0,5 м (h). Әрбір қоректік тізбекте улы заттардың жинақталуы 10 есе көбейетінін ескерсек, онда осы жайылымда жайылған сиыр сүтін ішуге бола ма? Сүттегі сурьманың ШМК (шекті мүмкін концентрациясы) – 0,05 мг/кг.


Әдістемелік нұсқау:
1) Құрлық және су экожүйелерінің анықтамасын жазу. Айырмашылығын көрсету.
2) Есепті қоректік тізбек құра отырып шығару.
Үй тапсырмаларын орындау мерзімдері: график бойынша, 1 апта
Есеп беру түрі: баяндама, презентация, ауызша сұрау.
Бағалау критерийлері:
90-100 балл – студент тапсырмаларды (кем дегенде 90%) түгел орындаған, графикалық жұмыстар толық, қорытынды жасалған, дұрыс безендірілген. Жауап ғылыми терминдермен тұжырымдалған, студент теориялық білімін көрсете біледі.
89-70 балл – студент тапсырмаларды (кем дегенде 70%) түгел орындаған, бірақ жұмысты орындау барысы туралы толық емес жауап береді, қорытынды жасауда және мысалдар келтіруде қиналады, студенттің пікірі жалпылама.
69-50 балл – студент тапсырмаларды (кем дегенде 50%) толық орындамаған, зертханалық жұмыс орындау барысы туралы толық жауап бере алмайды, қорытынды дұрыс емес.
0-49 балл – тапсырмалар орындалмаған (50%-дан кем), жазбаша жұмыс рәсімдеу стандарттары сақталмаған. Жұмысты қорғау кезінде студент дұрыс түсінік бере алмайды, қате жауаптар береді, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмайды.


Әдебиеттер:
1. Экология және тұрақты даму. Оқулық / Тонкопий М.С., Сатбаева Г.С., Ишкулова Н.П., Анисимова Н.М. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 80-88 бет.

2 СӨЖ мазмұны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет