1 апта. №1-2 ОЖСӨЖ мазмұны.
Тақырыбы: Экожүйелер қасиеттері: эмердженттілік, иерархиялық бірлесіп бағынуы, гомеостаз, кері байланыс. 1. Экожүйе тұрақтылығы, серпімділгі және сыйымдылығы.
2. Экожүйелердің негізгі қасиеттерін анықтайтын эмердженттілік, иерархиялық бірлесіп бағынуы, гомеостаз, кері байланыс терминдеріне анықтама беріңіз.
3. Эмердженттілікті ескермеу салдарына мысал келтіріңіз.
Әдістемелік нұсқау:
1) Экожүйелер қасиеттері туралы қысқаша конспект жазу. Конспектілеу – дегеніміз оқылған мәліметтің қысқаша мазмұндамасы, қысқартып жазылуы. Қорытынды жасау.
2) Глоссарийды жазу. Глоссарий – дегеніміз қандай да бір әдебиетте кездесетін түсініктер мен терминдерді талқылау. Глоссарий жазу үшін берілген тақырыпқа қатысты негізгітеерминдерді көрсету керек. Терминологиямен жұмыс.
Үй тапсырмаларын орындау мерзімдері: график бойынша, 1 апта
Есеп беру түрі: глоссарий, терминологиялық конспект, ауызша сұрау.
Бағалау критерийлері:
90-100 балл – студент тапсырмаларды (кем дегенде 90%) түгел орындаған, графикалық жұмыстар толық, қорытынды жасалған, дұрыс безендірілген. Жауап ғылыми терминдермен тұжырымдалған, студент теориялық білімін көрсете біледі.
89-70 балл – студент тапсырмаларды (кем дегенде 70%) түгел орындаған, бірақ жұмысты орындау барысы туралы толық емес жауап береді, қорытынды жасауда және мысалдар келтіруде қиналады, студенттің пікірі жалпылама.
69-50 балл – студент тапсырмаларды (кем дегенде 50%) толық орындамаған, зертханалық жұмыс орындау барысы туралы толық жауап бере алмайды, қорытынды дұрыс емес.
0-49 балл – тапсырмалар орындалмаған (50%-дан кем), жазбаша жұмыс рәсімдеу стандарттары сақталмаған. Жұмысты қорғау кезінде студент дұрыс түсінік бере алмайды, қате жауаптар береді, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмайды.
Әдебиеттер:
1. Экология және тұрақты даму. Оқулық / Тонкопий М.С., Сатбаева Г.С., Ишкулова Н.П., Анисимова Н.М. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 80-88 бет.