Есеп беру түрі: есептеу жұмыстары, қорытынды, есептеу нәтижелерін график түрінде кескіндеу, конспект жазу.
Өткізу формасы:практикалық жұмыс.
Бағалау критерийлері:
90-100 балл – студент практикалық сабақтардың тапсырмаларын (кем дегенде 90%) түгел орындаған, графикалық жұмыстар толық, қорытынды жасалған, дұрыс безендірілген. Жауап ғылыми терминдермен тұжырымдалған, студент теориялық білімін көрсете біледі.
89-70 балл – студент практикалық сабақтардың тапсырмаларын (кем дегенде 70%) түгел орындаған, бірақ жұмысты орындау барысы туралы толық емес жауап береді, қорытынды жасауда және мысалдар келтіруде қиналады, студенттің пікірі жалпылама. Графикалық және есептеу жұмыстарды безендіруде аздап қателіктер бар.
69-50 балл – студент практикалық сабақтардың тапсырмаларын (кем дегенде 50%) толық орындамаған, зертханалық жұмыс орындау барысы туралы толық жауап бере алмайды, қорытынды дұрыс емес. Графикалық және есептеу жұмыстарды безендіруде қателіктер бар.
0-49 балл – практикалық жұмыс орындалмаған (50%-дан кем), жазбаша жұмыс рәсімдеу стандарттары сақталмаған. Жұмысты қорғау кезінде студент дұрыс түсінік бере алмайды, қате жауаптар береді, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмайды.