Есеп беру түрі: Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру. Кестені толтыру.
Өту формасы: семинар.
Бағалау критерийі:
90-100 балл – студент тапсырмаларды (кем дегенде 90%) түгел орындаған, графикалық жұмыстар толық, қорытынды жасалған, дұрыс безендірілген. Жауап ғылыми терминдермен тұжырымдалған, студент теориялық білімін көрсете біледі.
89-70 балл – студент тапсырмаларды (кем дегенде 70%) түгел орындаған, бірақ жұмысты орындау барысы туралы толық емес жауап береді, қорытынды жасауда және мысалдар келтіруде қиналады, студенттің пікірі жалпылама.
69-50 балл – студент тапсырмаларды (кем дегенде 50%) толық орындамаған, зертханалық жұмыс орындау барысы туралы толық жауап бере алмайды, қорытынды дұрыс емес.
0-49 балл – тапсырмалар орындалмаған (50%-дан кем), жазбаша жұмыс рәсімдеу стандарттары сақталмаған. Жұмысты қорғау кезінде студент дұрыс түсінік бере алмайды, қате жауаптар береді, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмайды.
Әдебиеттер:
1. Аюпов Е.Е. Восстановление нарушенных экосистем: учебное пособие. – Уральск: Зап. – Каз.аграр. – техн. ун-т им.Жангирхана, 2016. – 102 с.
4 АПТА.
№4 семинар тақырыбы:Агроэкожүйелер.
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Агроэкожүйелер ерекшеліктері.
2. Табиғи және агроэкожүйелердің салыстырмалы сипаттамасы.
Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша семинар сұрақтарына дайындалу. Агроэкожүйелердің салыстырмалы сипаттамасын жазу. Кестені толтыру. Агроэкожүйелер түрлерін атау.
Кесте 1. Табиғи және агроэкожүйелердің салыстырмалы сипаттамасы
Табиғи экожүйе
|
Агроэкожүйе
|
Эволюция нәтижесінде қалыптасқан биосфераның алғашқы табиғи элементарлы бірлігі
|
|
Жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің қатысуымен түзілген күрделі жүйелер. Бірнеше түрлер популяциясы басым. Өзін өзі реттейтін тұрақты динамикалық тепе-теңдік тән.
|
|
Өнімділік зат айналымына қатысатын организмдердің бейімделу ерекшеліктеріне байланысты анықталады
|
|
Алғашқы өнім жануарлармен пайдаланылады және зат айналымына түседі. «Тұтыну» мен «Өндіру» бір мезгілде жүреді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |