10
пікірін білдірді, өйткені шынымен соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік социология,
когнитивтік
психология, когнитивтік антропология сияқты жаңа ғылымдар шықты. Тіл
біліміндегі психологизм, яғни когнитивтік психология – адамзат атаулының өзін қоршаған әлем
мен дүние жөніндегі ақпаратты қалай қабылдап,оны қалай түсініп,ұғынатындығы мен осы
ақпаратты есте сақтай отырып, оны өз қажетіне жаратуы мәселесін зерттейді.
Алынған
ақпараттың адам үшін қажетті дереккөзіне айналуы мен осы білім-дағдылардың адам іс-әрекетіне
тигізетін әсерін зерттеу аталмыш саланың басты мақсаты болып отыр. Алынған білімнің түсінік
аппараты мен құрылымы немесе адамның қабілеті мен ойлау әрекеті когнитивтік психологияның
өзегі болып саналады. Шындығына келгенде, тіл мәселесіне қатысты когнитивтік сипаттамалар
психолингвистикалық зерттеу еңбектерінде грамматикалық теорияларда көрсетілген қажетті
деңгейде жүзеге аспай, тек күнделікті тұрмыстық үлгілермен қатар сөйлеу және меңгеру
үдерістерінде пайдаланылып келеді.
Тіл - адамзаттың ең негізгі қатынас құралы болуына орай, тілдің негізгі коммуникативтік
қызметін әлеуметтік лингвистика қарастырса, тілдің өзге ғылым салаларымен, атап айтқанда,
әлеуметтану,
этнография, әлеуметтік психология тіл білімі ғылымдарымен тоғысуы арқылы
қалыптасатын әлеуметтік лингвистика бойынша зерттеулер аз болып отыр.
Тіл білімінің басты қағидалары тілдік қатынастың ерекшелігімен тығыз үндестікте дамиды
және өзара әсерлеседі. Дүние жүзіндегі басқа да тілдер тәрізді қазақ тілі – «адамдар ара-
қатынасының ең басты құралы» болуымен бірге, адамдардың өзара түсінісу, пікір алмасу
және сөйлесу дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, ішкі, сыртқы
әлеуметтік жағдайларға
ықпал жасап, адамзатқа қажетті қоғамдық-эконмикалық мәселелерден хабардар болуға
мүмкіндік туғызады.
Тіл білімі саласында тілдік бірлік термині көп қолданылады, қазақ және орыс тіл білімі
салаларында ол негізгі байланысын, яғни тілдің өзінің бөлшектері мен құрылымын білдірсе,
ал морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, тұрақты тіркестердің барлығы жалпы тұлға немесе тілдік
тұлға деген мәнге ие.
Тіл білімінің қоғамдық маңыздылығы мен құндылығы оқыту әдістемесі мен қазақша тілдік
қатынас арқылы насихатталады, қоғам мен табиғаттың
ерекше құбылысы адам болса, оның
қоғамда алатын орны оның тілдік қатынасына байланысты болғандықтан, тілдік қарым-
қатынаста педагогиканың орны бөлек.
Тілдің көмегімен кез-келген бір ойды жеткізу, кез-келген ақпаратты қабылдау, оны сезіну
жүзеге асырылатындықтан тілдік қатынастың келесі бір негізі ол – психология. Сөйтіп, ойлау
мен сөйлеу әрекеттері тілдік қарым-қатынастың басты психологиялық өзегі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: