1. Пән туралы мәліметтер



Pdf көрінісі
бет6/33
Дата11.11.2022
өлшемі411,89 Kb.
#49449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік лингвистиканың алғышарттары қандай? 
2. Ғылым нысанасы мен нысанының болмысы қандай? 
3. Когнитивтік лингвистиканың нысаны, нысанасы, мақсаты және міндеттері қандай? 
2-дәрістің тақырыбы: Когнитивті лингвистиканың зерттелу тарихы. Тіл біліміндегі 
антропоөзектік бағыт. 
Сағат саны: 1 
Дәрістің мақсаты: Тіл біліміндегі когнитивті лингвистиканың антропоөзектік бағыттарын
айқындап түсіндіру 
Қарастырылатын мәселелер:  
1. 
Когнитивтік ғылымның пайда болуы және негізгі қалыптасу кезеңдері
2. 
Когнитивтік ғылымның қалыптасуындағы лингвистиканың рөлі 
3. 
Когнитивтік лингвистиканың пайда болуының негізгі алғышарттары мен 
нышандары 
4. 
Когнитивтік лингвистиканың бастапқы қалыптасу кезеңдері 
Когнитивті лингвистиканың пайда болуы тек тіл білімі тарихымен байланысты емес, 
сонымен қатар, когнитивтік зерттеулердің дамуымен және когнитивтік ғылымның 
қалыптасуымен тікелей байланысты болып есептеледі (ағылшын тілінде cognitive science; орыс 
тіліндегі жарияланымдарда когнитология және когитология деген терминдер де кездеседі). 
Когнитивизмнің пайда болуын көбінесе 1960 жылдарға жатқызады және бихевиоризмді ғылыми 
зерттеудің әдіснамасы ретінде алдын-алумен байланыстырады, сонымен қатар, ғылымға адам 
жөнінде ой тастауды ұсынады [Демьянков 1994: 19]. Алғаш болып когнитивистиканың шығу 
тарихына, зерттеу бағытына, ғылыми сипаттамасына назар аударған шетелдік ғалымдар болып 
есептеледі. Мысалы, Дж. Миллер бұл ғылымды «XX ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген 
ақпараттар теориясының симпозиумы» деп бағаласа, 1960 жылы Гарвард университетінде 
американдық профессор Дж. Бруннер Дж. Миллермен қатар сала бойынша арнайы зерттеу 
орталығын ашқан болатын. Бұл когнитивтік лингвистика ғылымының негізі деп есептеуге 
болатындай алғашқы қадам деуге әбден болады [Кубрякова 1995: 188]. 
«Когнитивті лингвистика» деген терминнің өзі 80-ші жылдардың тұсында белгілі ғалым 
М.Бирвиштің еңбегінде қолданылған, дегенмен, тілдік ерекшелікті танымдық тұрғыдан 
зерттеуге бой ұру 60-70-жылдары американдық ғалымдар Хомский, Лакофф, Коок т.б. 
еңбектерінде көрініс тапқан еді. Алайда, әйгілі ғалым В. фон Гумбольдттың лингвистикалық 



философияға қатысты зерттеулері кейінгі зерттеушілер үшін құнды қазына болды деген 
тұжырым күні бүгінге дейін ғылыми ортада айтылып келеді.
Бастапқы кезде танымдық тіл білімі нейролингвистика ғылымымен сабақтаса 
қарастырылды (жасанды интеллект және компьютерлік ғылымдар). 
Жүргізілген зерттеулер кезінде ғалымдар оның жалпы адам баласының ойлау деңгейін
дүниетанымын, парасаты мен пайымын, тілдік білімін қатар қарастыратындығына көз жеткізген 
болса, кейін келе адамның білімі мен білігін, ойы мен танымын, ойлау қабілетінің сан түрлі 
қырларын аша білу аталмыш ғылымның өзекті нысанына айналды.
Когнитивтік лингвистиканың атқаратын рөлі қандай және оның ерекшелігі неде? Е.С. 
Кубрякованың пікірінше, лингвистика жай ғана когнитивтік циклдің ғылымдарының бірі емес, 
ол «когнитивтік ғылымды жасайтын жүйедегі дисциплиналардың қатарына» кіреді. Оның адам 
миының құрылымының жалпы мәселелерін қарастыратын басқа дисциплиналардан ерекшелігі 
оның концептуалды мазмұнға аса мән беруі. Адамдар өздері және әлем жөнінде не біледі, бұл 
білімнің қалай ұйымдастырылғандығын олар қайдан біледі және ол қалай жүзеге асады – міне, 
дәл осы сұрақтар когнитивті лингвистиканың зерттейтін орталық сұрақтары. Бұл сауалдарға 
тілдік фактілерді талдау арқылы жауап беруге болады. Тілдік мәліметтерден тура когнитивтік 
құрылымдардың тұжырымына өту мүмкіндігі тіл мен когниция жөніндегі мәліметтерде 
айтылған. Когнитивтік лингвистика танымдық механизмдер мен сана құрылымдарының үнемі 
тілде көрініс табуынан бастау алады. Сондықтан, тіл когницияның ортақ аспектілерін айқындау 
және түсіндіру арқылы жүзеге асатын адамның менталды «инфраструктурасы» жөніндегі 
мәліметтердің құнды қазынасы болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет