1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет33/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Байланысты:
цито сессия

Эритроциттер (грек. erythros – қызыл және kytos – ыдыс) – адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктердам Э-інің пішіні екі жағынан ойыс диск тәрізді, диам. 7 – 8 мкм. Дені сау ер адамдардың 1 мм3 қанында 4 – 5 млн., әйелдерде – 3,9 – 4,7 млн. Адам мен жануарлардың Эритроциттерның құрамында ядро болмайды. Құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер және балықтардың Эритроциттерінде ядро болады. Эритроциттердің құрамындағы қызыл түсті гемоглобин ағзада маңызды рөл атқарады.Эритропоэз
 жамбас сүйектерінің, бас сүйектерінің, қабырғаларының және омыртқаның қызыл сүйек миында, ал балаларда — қол мен аяқтың ұзын сүйектерінің соңында сүйек миында жүреді. Эритроциттің өмір сүру ұзақтығы — 3-4 ай, бұзылуы (гемолиз) бауырда және көкбауырда жүреді.
Лейкоциттер - ядросы бар қан жасушалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан жасушаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан.
Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар:

  1. дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер;

  2. дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер;

  3. моноциттер.

Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Тромбоциттердің басты қызметі — қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін тромб деп аталатын қойылған қап түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп гс кетер еді.

Қан қызметтерi: тасымалдау; қоректiк; сыртқа шығару; реттеу; тұрақтылықты сақтау; қорғаныш. Қанның құрамбөлiктерiне-қызыл қан түйiршiктерi (эритроциттер), лейкоциттер, қан тақташалары (құстарда, төменгi сатыдағы омыртқалыларда тромбоциттер), қан плазмасы жатады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет