1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет36/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Байланысты:
цито сессия

Провизорлық мүшелер (нем. provisorisch — алдын-алы, уақытша) — омыртқалылардың ересек дараларында болмайтын, тек ұрықтың дамуы үшін ғана қажет уақытша мүшелер. Оларға - саруызды қапшық және ұрық қабықтары - қағанақ (амнион), хорион, аллантойстар жатады. Провизорлық мүшелер ұрықты механикалық зақымданудан сақтайды, оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар - сұйық орта қалыптастырады және тыныс алу, қоректену, бөліп шығару, қозғалу, қантүзу және т.б. қызметтерді атқарады.

  • Хорион (грек. chorіon — қабық), бүрлі қабық — жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың ұрық дамуының бастапқы кезеңінде пайда болатын сыртқы ұрық қабығы.

Сондықтан хорион тек қағанақтыларға ғана тән.
Бауырымен жорғалаушылар мен құстарда хорионды серозды қабық деп атайды. Сүтқоректілерде хорион қабығы тікелей жатыр қабырғасына жанаса орналасып, аналық организм мен шарана арасындағы зат алмасу процесін реттеп отыруға қатысады. Омыртқасыздардың және кейбір төм. сатылы омыртқалы жануарлар жұмыртқасының екінші қабығы да хорион деп аталады.

  • Амниоттар (гр. amniota — амниоттар, қағанақтылар) — ұрықтық даму кезеңі (эмбриондық кезең) ішкі ұрық қабығы — амнион (қағанақ) қуысындағы сұйық ортада өтетін жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлар. Амниоттарға (қағанақтыларға) ұрықтары құрлықта дамуға бейімделген бауырымен жорғалаушыларқұстар, сұтқоректі жоғары сатыдағы жануарлар мен адам жатады. Бұлардың ұрықтары жұмыртқаның ішіндегі немесе жатырдағы ұрық қабықтарының қуысында дамиды.

Сарыуыз қапшығы (желточный мешок) — іштегі ұрықтың дамуы кезінде маңызды қызмет атқаратын, ұрықтантыс уақытша мүше.
Сарыуыз қапшығы — ұрықтантыс энтодерма мен мезодермадан дамиды. Дамудың алғашқы кезеңінде сарыуыз қапшығы ұрықтың тыныс алуы мен қоректенуін қамтамасыз етеді. Сарыуыз қапшығының қабырғасында ұрық организміндегі алғашқы қантүзілу процесі қалыптасып, ол қантүзу мүшесінің қызметін атқарады.. Сарыуыз қапшығы — қүстарда, бауырымен жорғалаушыларда, жұмыртқа салатын сүтқоректілерде жақсы жетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет