Вексельдік несие – банктің сенімді клиенттеріне вексель формасында берілетін қысқа мерзімді несие. Мұндай вексельдерді банк шығарады және олардың номиналдық құны болады, сондай – ақ олардың бағасы жай және банктік несиеге қарағанда біршама арзан болады.
Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
Несиелік желі – келісілген лимит шегінде белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушыға несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі. Несиелік желінің жаңартылатын және жаңартылмайтын түрлері болады. Несие желісінің артықшылықтары:
- несие беруші үшін: осы бағыттағы банк немесе қаржы ұйымының әрекеттері болжау мүмкіндігі, рискті төмендетуге мүмкіндік беретін несие алушы туралы толық мәлімет алу;
- несие алушы үшін: несие алушы қарамағындағы қаражаттың нақты мөлшерін анықтау мүмкіндігі; несие келісім-шарттарын рәсімдеуге жұмсалатын уақыт пен қаржылық шығындарды азайту.
Вексельдік несиелеу екеу болуы мүмкін - төлемді зерттеумен вексельді сату және вексельдік заем. Бірінші жағдайда банк клиентке вексельді (өзінің эмиссиялаған немесе сатып алған) оның төлемін белгілі мерзімге сатады. Екінші жағдайда клиентке белгіленген мерзімде немесе сол мерзімде банкке беру арқылы клиенттің банкке қайтаратын векселі (қарыз беру келісім-шарты бойынша) беріледі. Вексельдік несиелер келесі себептер бойынша жақсы: біріншіден, төлемді ұзарту үшін төлем несие бойынша ставкадан төмен болуы мүмкін, себебі акша қаражаттарының қозғалысы қажет етілмейді; екіншіден, вексельдік несиелеу кезінде несие беру кезінде белгіленген бірқатар шектеулер-ден бас тартуға болады, мысалы, клиенттің балансы бойынша несиені материалдық қамтамасыз ету. Төлем мерзімін ұзарту белгінетін мерзім (немесе заемға берілген вексельді қайтару мерзімі) ешқандай нормативтік құжаттармен шектелмейді. Сондықтан мерзімдер банктін өзімен бекітіледі.
Вексельдік несие бойынша проценттер жоғары немесе банктерде ресурстар жеткіліксіз болатын жағдайда өте тартымды болады. Осы жағдайда вексельдік несиелер өте жақсы, себебі вексельдік құралдар бойынша проценттер несиелік проценттерге қарағанда төмен. Бірақ осы жағдайда басқа да нұсқалар туындауы мүмкін. Бұл вексельдің әрекет ету мерзімі мен төлемі ұзартылған мерзімге тәуелді. Егер вексельді төлеу мерзімін ұзарту вексельдің өзін өтеу мерзіміне қарағанда аз уақытка белгіленсе (мысалы, 50 күндік өтелу мерзіміндегі векселъді төлемді ұзартумен 49 күнге сатылса), онда ақша қаражаттарының қозғалысы келесідей болады. Келісілген мерзім біткеннен кейін клиент сатып алынған вексель бойынша қарызды өтейді. Келесі күні осы вексель банкке (егер ол банктік болса) төлемге (осы векселъдің сол сәтте ұстаушысы болатын тұлға береді) ұсынылады және банк оны телейді. Осылайша, ақша қаражаттарының қозғалысы клиенттің вексель бойынша қарызды өтеген күннен басталады. Егер вексельді төлеу мерзімінің ұзартылуы вексельді өзін өтеу мерзімінен ұзақ мерзімге орнатылса (мысалы, вексель «талап етуге дейінгі» өтеу шартымен төлемді ұзартумен 49 күнге сатылатын болса), онда ақша қаражаттарының қозғадысы мүлдем басқа сипатқа ие болады. Банк вексельді клиентке төлем мерзімі артады, мысалы 90 күнге сатады. Клиент белгілі бір өнімді вексельмен төлейді, ал вексель «ұсыну бойынша» болғандықтан, жабдықтаушысы банкке ұсынады және банк ұсынылған вексельді төлейді. Осы схема кезінде вексель банктік ресурстарды пайдалануды талап етеді, яғни төлемді ұзартқаны үшін несие бойынша проценттерге тең болады. Бұл жагдайда тиімділікті резидент еместерге колдануға болады. Вексельдік несиелер бойынша сыйакы, егер банк вексельді клиенттен бұрын төлесе, онда төлемді ұзарту үшін ставка несиелік ставкаға тең болатын мөлшерде бекітіледі. Егер керісінше - клиент банкке ерте төлесе, онда төлемді ұзарту үшін ставка аз мөлшерде бекітіледі. Сыйакының осындай схемасы келісім-шарттарда вексельдің параметрлерін есепке алумен бекітіледі. Қысқа мерзімді несиелеудің негізгі түрлері:
• айналым қаражаттарын толықтыруға алынатын несиелер;
• сауда-сатып алу қызметіне апынатын несиелер;
• келісім-шарттарды жүзеге асыра алынатын
Несие бойынша проценттік қойылым қарыз алушының қаржылық жағдайын, несиенің қамтамасыз етілу өтімділігінің деңгейін, клиентің банкте ашылған шоттары бойынша айналымдардың көлемі мен тұрақтылығын, несиелік тарихы және басқа шарттарды есепке алғанда бекітіледі.
Төменде несиені беру бойынша мүмкіндікті қарастыру мақсатында банкке оқылатын құжаттардың тізімі:
1. Несиелік тапсырыс. Несиенің мөлшері, мерзімі, мақсатты пайдаланылуы, ұсынылатын несиенің қамтамасыз етілуі және жоспарланатын өтеу көздерін міндетті көрсетумен еркін формада құрылады.
2.Құрылтайшылық және тіркеу, олар белгіленген тәртіпте расталады:
• құрылтайшылық келісім-шарт;
• Жарғы (Ереже);
• мемлекеттік тіркеу туралы құжат (куәлік, шешім);
•лицензиялауды талап ететін жүзеге асырылатын қызметтің түріне арнайы рұқсат (лицензия);
• бас директорды және бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық;
• ұйымның қолдары мен мөрінің үлгілері бар карточка (ол нотариалды және қызмет көрсететін банкпен расталады).
3. Бухгалтерлік есеп: • жылдық қаржылық есеп;
• бухгалтерлік баланс;
• аудиторлық қортындылар.
4.Қызмет көрсететін банктен анықтама, ол жерде шоттар бойынша әр ай сайынғы айналымдар және міндетті әр ай сайынғы төлемдер туралы ақпарат болады.
5. Техника-экономикалық негіздеме, бұл жерде етелу мерзімі және несиені қайтару ақпараттары беріледі, ол келесілерді көрсетуі қажет:
• клиент қызметінің негізгі түрлері;
• ұсынылатын несиенің мақсаты;
• есептік мерзімдер және өндірістің құны;
• өткізу нарығын талдау;
• несиелеуге қарастырылатын мәміленің толық каржылық есебі;
• несиелік жобаны жүзеге асырудан күтілетін пайданың және барлық төленетін салықтардың есебі.
6.Келісім-шарттар, ол несиеленетін мәміледен шығады:
• несиеленетін тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу және өткізу бойынша келісім-шарттар;
• тауарлы-материалды құндылықтарды сақтау, тасымалдау, сақтандыру және т.б. мақсаттарда қарыз алушымен жасасқан келісім-шарттар;
• белгілі тауарлы партияларға және жұмыстарды жүргізуге рұқсатты құжаттар.
7. Несиенің қамтамасыз етілуі. 8.Клиенттің несиелік тарихын сипаттайтын құжаттар, есептелген проценттерді есепке алғандағы бұрын берілген несиелерді өтеу және ұсынуды растайтын құжаттардың көшірмелерін беру.
9. Басқа ақпараттар. Банктің немесе клиенттің көзқарасы бойынша қысқа мерзімді несиені беру туралы мәселелерді қарастыру үшін қажетті ақпарат болып табылады.