3-практикалық сабақ. Когнитивтік лингвистиканың басқа да ғылым салаларымен байланысы.
Психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттанымның когнитивтік лингвистикамен байланысы.
«Бүгінгі күні көптеген ғылым салалары когнитивтік лингвистиканың ықпалымен дамып, оның ұтымды нәтижелерін қолдануға тырысады» деп Д.Сулейменованың атап өткеніндей, кейінгі жылдары қазақ тіл білімінде когнитивтік психология, когнитивтік антропология, когнитивтік СОЦИОЛОГИЯ СИЯҚТЫ ғылым салалары пайда болды.
Соңғы онжылдық ішіндегі деп психолингвистикалық (ПЛ) еңбектерді талдай келе, ПЛ, когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады.
Когнитивтік ПСИХОЛОГИЯ («тіл біліміндегі психологизм» туралы) дегенміз - адамдардың дүниее, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам ОСЫ ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бip саласы, Басқаша айтқанда, адамның шындық жайлы алған ақпаратты түсіне біліп, оны шешім қабылдау, күрделі мәселелерді шешуде колдана бiлуге тырысуы когнитивтік әдіс арқылы іске асады. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. Тілге грамматикалық теорияларда берілген когнитивтік сипаттамалар психолингвистикалық зерттеулерде «төрден» алған орындарынан айрылып, олардың атқаратын рөлі тек басқадай когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) модульдермен қатар сөйлеу үшін қолдану және меңгеру үдерістерінде ғана ескеріліп жүр.
Когнтивтік психология мен когнтивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады (есте сақтау), ішкі сөздік қор, сөйлеу әрекетін туғызу мен қабылдау.
Когнитивтік социология. Когнитивтік социология социолингвистика мен когнитивтік лингвистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингвистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым.
Социолингвистика тілдің негізгі қызметі коммуникативтік, яғни тілді адамзаттың қарым-қатынас құралы деп есептейді. Тілдің әлеуметтік негізі, әлеуметтану, тіл білімі, социология (әлеуметтану), әлеуметпк психология және этнография ғылымдарымен қиылысқан жерінде қалыптасқан социолингвистика бойынша қазіргі қазақ тіл білімінде зерттеулер аз.
Когнитивтік антропология. Антропология - адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым. Ғасырлар тоғысында адам ғылыми зерттеулердің ең өзекті мәселесіне айналды. Қазipri, тіл білімінде негізгі принциптердің бірі антропоцентризм болып табылады, яғни антропоцентризм принципі ғылыми ізденістерге жетекші бола бастады. Жаңа заман лингвистикасында негізгі назар тек тілге емес, оны жаратушы, қолданушы және дамытушы адамға аударылады. «Антропоцентризм» терминінің адам білімінің әртүрлі саласыида белсенді Қолданылуы көптеген проблеманы туындатты. Негізінен, «антропоцентризм» термині онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Антропоцентризм - когнитивтік лингвистиканың негізгі тiperi.
1.Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика. Антропоцентристік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты жаңа бағыттарға жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер төмендегідей когнитивтік құрылымдарға ерекше мән беред і: қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау т.б. Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы бар. Қазіргі тіл білімінде әлеуметтік лингвистика (тіл мен қоғам арақатынасын зерттейтін сала), психолингвистика (индивидтің тұлғалық мінез-құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс табуы), лингвомәдениеттану (тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, тіл арқылы ұлтты, оның мәдениетін таныта білу ерекшеліктері), этнолингвистика (тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың тарихынан, халықтың рухани мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың шығармашылығынан іздеу) салалары тілді антропологиялық бағытта қарастыруда.
2.Психолингвистика және когнитивтік лингвистика. Ғалым-лингвист Дж. Кесс психолингвистика дамуында төрт негізгі кезеңді атап көрсетеді: қалыптасу кезеңі, лингвистикалық кезең, когнитивтік кезең, когнитивтік ғылымының ағымдық кезеңі. Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әсері тән болса, екіншісі лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы (порождающей) грамматиканың басым болуымен байланысты. Когнитивтік кезең Н.Хомский жариялаған грамматиканың негізгі қызметінен бас тартып, оның семантикамен, ал тілдің – тілді меңгеру мен пайдалану үрдісіне қатысатын басқа да когитивтік және жүріс-тұрыстық жүйелерімен байланысты. Соңғы онжылдық ішіндегі психолингвистикалық еңбектерді талдай келе, психолингвистиканың когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады. Психолингвистикалық бағыт бойынша адамның белгілі бір ұғымды қалай қабылдайтынын, сол ұғымды танытуда санадағы ақпараттарын қалай қолданатынын анықтауға болады. Психолингвистикада сонымен қатар салғастырмалы әдіске сүйене отырып, әрбір ұлттың аффективті тіл бірліктерін, эмоционалды ұғымдарын, тіліндегі экспрессивтік ерекшеліктерін нақтылап көрсетуге болады.
3. Этнолингвистика мен когнитивтік лингвистикамен байланысы. Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған тіл білімінің жаңа да дербес саласы. Тілдік фактілердің табиғатын жан-жақты ашуды мақсат еткен қазіргі ғылыми парадигманың бағыты – тілді тұтынушы адам мәселесі. Осы орайда академик Ә.Т.Қайдар ұлттық дүниетанымдағы дүниенің тілдік бейнесін ашу үшін табиғат – адам – қоғам макрожүйелерін басшылыққа алудың көкейкестілігін, әрі солардан туындайтын макроконцептілер көмегімен дүние бейнесі толымды болады деген ой астарын танытады [6]. Қазақ тіл білімінде алғаш рет «этностық таным» мәселесін көтере отырып,Ә.Қайдар халық пен тіл ұғымдарының ортақ мүддесін «этностың шығу тегін, қауым ретінде қалыптасу үдерісін ғана емес, сонымен қатар оның тілінде қалыптасқан деректер арқылы болмысын (яғни рухани, мәдени өмірін, салтдәстүр, тіршілік-тірлік көздерін, ұлттық дүниетаным мен менталитетін т.б.) паш ете білумен сабақтастырады.[7].
4.Лингвомәдениеттанымның когнитивтік лингвистикамен байланысы. Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің арақатынасына көңіл бөледі. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттейді. Оның негізі мақсаты – халықтың ойлау ерекшелігі мен оның мәдениетін тіл арқылы ашу. Тіл мен мәдениеттің ажырамас бөлігі, әрі ол лингвомәдениеттануда рухани болмыс ретінде танылады, яғни, тілде ұлттың дүниетанымы, әдет – ғұрпы, дәстүрлері, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері – рухани өмірі көрініс табады. Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің ара қатынасына көңіл бөледі
Әдебиеттер:
1. Э.Оразалиева. Когнитивтік лингви-ка: қалыптасуы мен дамуы. А., «Ан Арыс», 2007
2. Б.Нұрдәулетова. Когнитивтік лингви-ка. – Алматы, 2010.
3. Э.М.Самекбаева Когнитивтік лингвистика
4. Ақбердиева Б. Когнитивтік лингвистика,-А,2009.
4. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері . А., 1998.
Достарыңызбен бөлісу: |