1-практикалық сабақ. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері


-практикалық сабақ. Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі



бет2/5
Дата08.04.2022
өлшемі46,34 Kb.
#30371
түріСабақ
1   2   3   4   5
2-практикалық сабақ. Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі.

1. Тіл біліміндегі антропоөзектік бағыт.

2. Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы.

3. Когнитивтік лингвистиканың пайда болуының алғышарттары.

4. Когнитивтік лингвистика бағытына қатысты алғашқы еңбектер мен зерттеулерге шолу.

5.А. Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой тұжырымдары.

6. М.Жұмабаевтың тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму үдерісін сипаттауы.

7. Қ.Жұбановтың тіл адамды, өмірді зерттеп танудың көрсеткіші екендігі жөніндегі пікірлері.

8. С.Аманжолов және оның таным үдерісі туралы көзқарастары.

Жалпы тіл біліміндегі ғылымдар арасындағы интеграция процесінің негізінде туындаған когнитивті лингвистика ғылымы соңғы жылдары қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардың да назарын өзіне аударуда. Бұл сала бойынша қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р. Сыздық, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, К. Күркебаев, Г. Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Айтова, А. Әмірбековалар секілді зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде. Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он жылдықта ғана қолға алына бастады. Академик Ә.Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі жағңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды.10 Дәлірек айтсақ когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектерінде ретінде Г.Гиздатовтың еңбегін атауға болады. Зерттеушінің Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы атты докторлық диссертациясы осы бағыттағы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған. Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде қарастырылады. Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде К.Ә. Жаманбаеваның "Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана" (Алматы: Ғылым, 1998,-1406.) монографиясын атауға болады. Монография авторы алғы сөзде былай деп көрсетеді: "Зерттеу проблемаларын тілдік сана төңірегінде жинақтап, негізгі мәселені психофизиологиялық (нақтырақ айтсақ, бұл психофизиологиялық эстетикаға жақындау), психологиялык, (негізгі психоаналитикалық теориялардан басталады), философиялық, тілдік әдебиеттану (соңғы үшеуі семиотикалық сипатта) тұрғысынан кешенді түрде когнитивтік жүйеге біріктіру арқылы ғылыми негіздерге талпыныс жасаймыз. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарастырылған. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап, гештальт теориясынның негізін жан жақты ашып көрсетеді. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымның қалыптасуына негіз болған аталмыш еңбектер тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне айтарлықтай өз үлесін қосу үстінде. Когнитивтік құрылымның концептуалды көрінісі, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктері де бүгінгі күні жан жақты қарастырылуда.

Профессор Ж.Манкееваның "Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері" атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, А.Н.Леонтьев, Б.Касевич және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу (экскурс) жасалды. Ж.Манкеева мұнда былай деп атап өтеді: "Тіл мен ойлау бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, таза тілдік және ғылым саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма - когнитивті лингвистика, социолингвистикамен тұтасуы". Когнитивтік лингвистиканың дамуымен байланысты анықталуы тиіс бірнеше ұғым немесе мәселелер бар. Оның негізгісі - тілдің қызметіне қатысты. "Ғаламның тілдік бейнесі (языковая картина мира)". Ж.Манкеева "тіл мен ой немесе таным, тіл мен ұлт т.б. мәселелер, сайып келгенде, ұлтты, ұлттың танымын өзінің терең құрылымдары арқылы тұтастырушы тілдің табиғатын анықтауға байланысты казіргі тіл біліміңде жаңа бағыттардың айқындалып, қалыптасып, дамып келе жатқаны байқалады. Оның көріністерін қазақ тіл білімінің даму күйінен де көріп отырмыз", - деген пікір айтады. Профессор Ж.Манкеева аталған мақаласында когнитивтік лингвистикадағы тілдің бейнелеушілік қызметінің зор екендігін атап көрсете келе, негізгі үш ұстанымдарын айқындап береді. Сол секілді ғалым Б.Момынова Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам)13 атты еңбегінде когнитивтік бірліктердің көріністену (репрезентациялану) ерекшеліктеріне тоқталып, бағалауыштық сипатын қарастырса, профессор А.Ислам өз мақалаларындағы когнитивтік лингвистикадағы тілдік тұлға мәселесін көтереді. С.И.Жапақовтың диссертациялық жұмысында эпикалық фразеологизмдердегі ақиқат пен бейақиқат, дүние фрагменттерінің тілдік бейнесі мен когнитивтік лингвистиканың басқа да мәселелері туралы сөз етеді.

С.Ақаев Сөздің когнитологиялық сипаттары атты мақаласында когнитологиялық талдаудың тәсілдеріне тоқталып, ойлау ой түю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды зерттеу әдісі ретінде қарастыру жайлы мәселені көтереді. Сонымен қатар жас зерттеушілер Г.Снасапова, Ш.Елемесова, А.Әмірбековалар көркем мәтінге концептуалдық талдау жасаудың үлгілерін ұсынады. Ал А.Сыбанбаева, Н.Зайсанбаевалар метафораның танымдық сипаты туралы пікірлерін ортаға сала отырып, диссертациялық жұмыстарын осы бағытқа арнайды.

Қазақ лингвистикасының когнитивтік мәселелеріне арналған келесі еңбек қазақ тілінің эпикалық фразеологизмдерінің когнитивтік негіздерін зерттейді.

Ш.К.Жарқынбекованың докторлық диссертациясында қазақ және орыс тілдерінің түр-түс концептілері когнитивтік және лингвистикалық мәдениеттану парадигмаларын біріктіретін дүниенің ұлттық бейнесін тілдік ретте іске асыру мәселесі шеңберінде талданады және әр этноста орын алған когнитивтік механизмдер мен лингвомәдениеттану факторлары тұрғысынан түр-түс концептілерінің қалыптасу ерекшелігі айқындалады.

Қазақ және салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың түрлі мәселелері мен проблемаларын зерттеу әзірлемелері белсенді түрде жүргізілуде, екі не одан да көп нәрселер мен құбылыстардың артық-кемдігі сарапқа салынуда, өйткені тілге деген когнитивтік әдіс "тілдің адаммен, оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуымен, барлық ойлау және ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім процестерімен, сондай-ақ соның негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен алуан түрлі байланысындағы тілдің жарқын болашағын көре білуге жол ашады".

Ал когнитивті лингвистика ғылымының қазақ тіліндегі орны мен қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдардың еңбегіндегі танымдық ғылымның орны мен олардың теориялық аспектілерін зерттеуші Э. Оразалиева мынадай ерекшеліктерін көрсетіп береді: XX ғасырдың 30-жылдарында қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов лингвистикалық зерттеулерді жаңа мазмұнда, жаңа идеялық бағытта дамыту қажеттігіне назар аударды. А.Байтұрсынұлының Тіл-құралын жоғары бағалай келе, ғалым ...тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана зерттеумен біліп болмайды. Бұл-сөзсіз сыңаржақтық ... Түр-форма деген тілде жоқ белгі емес, бар нәрсе...түр тілдің бар тарауы емес, бір тарауы деген аса құнды қорытынды жасады. Тілші адам әрекеті мен танымының тіл дамуындағы орнын айғақтау үшін, Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде ... өте алыс экскурстерге барды. Әр пікірін халық санасында жақындата отырып, зерттеуші адамның жадында сақталар танымдық ұғымдарға, көрініс қалыптарға, образдарға, ұқсата атауларға тоқталды, олардың жаңа ұғым мен сөз жасауға қатысын сұрыптады. Бұл ретте автор танымдық қорға негіз болар элеуметтік-мәдени тәжірибемізді әуелі көзқарас деп атады. Сөйтіп өткен ғасырдың өзінде-ақ тілдік зерттеулер өзінің қалыпты шеңберінен шыға отырып, жаңа бетбұрыстарды қажет ете бастады. Тіл табиғатын зерделеу тек формалық сипаттамалармен шектелмей, адам өмірінде алар орны мен атқарар қызметін анықтауға, оның физио-анатомииялық негізін айғақтауға ұласты. Сондықтан тілдік құралдар құрылымдық лингвитиканың ғана емес, сан алуан экстралингвистикалық салалардың нысанына айналды — деген теориялық тұжырым айтады. Қазақ тілінде когнитивтік лингвистиканы біршама зерттеген ғалым А.Исламның пікірінше: Танымдық (когнитивтік) ғылым термині (ағылш. cognitive) алғашқыда белгілі бір ақпаратты қабылдап, оны белгілі бір електен өткізіп, мида сақтай отырып, қажетті кезде оны қолдану нәтижесінде адамның миында білім қыртыстарының қалыптасып және толығу процестерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығын айқындау үшін енгізілген. Бұл жалпы айтқанда, танымдық ғылым адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінщ пайымдау нәтижесінде белгілі бір жүйеге келтіріліп, біздің санамызда жазылып, ментальды яғни, танымдық процестердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым. Ғалымдардың көпшілігі танымдық ғылымның адамның ми қыртыстарына әртүрлі жолдармен келетін білімнің қалай жазылу жолдары мен сол ақпараттардың белгілі бір өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген ықшам түріндегі анықтамасын қолданады.

Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің мүмкіндігін жаңа арнаға бағыттаумен қатар, жалпы тілдік құралдарын танымдық сатыларын адамның физиологиялық болмысымен, ұлттық халықтың дәстүрімен ұштастыра білді. Орынборда 1914 ж. шыққан «Тіл құрал» атты еңбегінде «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі...» дей келе, «Тіл – құрал» деген қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, өйткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа зат деген автордың пікірін тіл – ойлау – таным – мәдениет арасындағы байланыс мәселесіне қатысты ой-тұжырымдарының бастамасы деуге болады. А.Байтұрсынұлы сөзді қолданудағы тұлғаның танымында болатын обьективті үдеріс өзектендіруді анық байқаған: Сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекті болуын да керек қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек , жансыз заттың күйінен жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам сөйлегенде, сөзі толық түсінікті болуы үшін, дерексіз заттарды деректі затша, пернесіз заттарды пернелі затша қалыптайды.Жансыз затты жанды заттай ғамалдайды.

XX ғасырдың 20-30 жылдарында педагогика, психология саласында өзінің соны да сындарлы пікірлерімен көрінген ағартушы, ақын, жазушы, аудармашы Мағжан Жұмабаевтың орны ерекше. Ағартушы Мағжан Жұмабаев «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілі», «Сауатты бол» т.б. оқулықтарын жазды. Мағжан «Тәрбиядан мақсұт – адамды һәм сол адамның ұлтын, аса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты» деп бала тәрбиесі мен ұлт мәселесін, ұлт тағдырын алға тартып отырады. Жан, яғни псхихика құбылыстары, соларға негізделген бала тәрбиелеудің жолдары, ғылыми негіздеріне де тоқталады. Жан көріністерін былайша топ–топқа бөледі: білу яки ақыл көріністері, ішкі сезім, яки көңіл көріністері, һәм қайрат көріністері. Біз бір заттың яки көріністің сынын белгілейміз, заттар яки көріністер арасындағы байламды, яки айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл – ішкі сезім ісі. Біз бір істі істемекші боламыз, бір мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл – қайрат ісі». Ғалым «суреттеулерді жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталады». Осылай деп есті төмендегі түрлерге бөледі: 1) көру есі, 2) есту есі; 3) қозғалту есі яки мотор есі. Осы естің түрлері сөйлеу әрекетінің механизмдерінің бірлігі: қысқа мерзімдік (оперативтік) және ұзақ мерзімдік есте сақтау қабілеті, ықтималдылық, болжау, ұғыну, ойлау тұрғысынан түсіндіріледі.

1936 жыл Қ.Жұбановтың аса мол жемісті жылдарының бірі болды. Бұл жылы оның «Қазақ тілінің грамматикасы І бөлім. Жалпы морфология» деп аталатын кітабы жарыққа шықты. Осы еңбегінде ғалым: «Адам баласының табиғатында әуелі басқаны біліп алып, өзін кейіннен білу қасиеті бар .... Ежелгі дәуір адамдарының алдымен өзінен басқа заттарға ат қоятыны өзін сол басқаларға ұқсата атайтыны – өз басын кіші дүние деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы таным тілге де әсер еткен...,- деп тұжырымдау арқылы тіл мен таным байланысы негізіндегі танымдық мәнбілерге ерекше мән берген. Білім аясы кең, қазақ тілінің шын жанашыры болған Қ.Жұбановтың қаламына әдеби тіліміздің даму мәселелері де үйірілмей қалмады. Бұған бір–екі мақаласы куә. Оның бірі – «Абай қазақ әдебиетінің классигі». Бұл еңбегі аяқталмай қалған. Ол -Абай туралы жазылған тұтас кітаптың үзіндісі. Қ.Жұбанов ұлы ақынның әдебиеттегі, қазақ әдеби тіліндегі орнын көрсетуді қолға алады да, мынадай тың пікірлерді айтады. «Абайдың ақындығын былай қойып, тек әдеби тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін алсақ та, онда ақымыз кететін түрі жоқ», өйткені Абай жалғыз қазақ емес, бүкіл Орта Азия «Күн Шығыс ислам мәдениетінің кірлі көрпесін қалың жамылып, көнерген қалыптан шыға алмай, әдебиет маңдайын жаңа арнаға бұра алмай араб–парсы өлең өлшеуінің қаңсығы таңсық көрінген» ХІХ ғасырда бірінші болып, сол араб–парсышылдықтан, шағатайшылдықтан бас тартып, таза халық тілімен жазып, ол жазғанын классик әдебиет үлгісінде шығарған адам, – дейді. Міне – Абайға берген Қ.Жұбановтың бағасы осы.

Сонымен когнитивті лингвистика ғылымының қысқаша түсініктемесі Ғ. Қалиевтің Қазақ тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде былайша: Когнитивтік тіл білімі орыс.-когнитивная лингвистика (лат. cognito білім, түсінік)-табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тэсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т.б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді - деген анықтама береді.

Әдебиеттер:

1. Қалиев Ғ. «Қазақ тілі терминдерінің түсіндірме сөздігі».

2. Э. Оразалиева «Танымдық қазақ тілі» Алматы: Мұрагер, 2005.

3. Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер».

4. Манкеева Ж. «Қазақ тілінің заттық лексикасы».

5. Жаманбаева Қ.Ә. «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана». Алматы: Ғылым. 1998.

6. Э.М.Самекбаева «Когнитивтік лингвистика»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет