1 Практикалық сабақ Тақырыбы Білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама



бет28/31
Дата20.01.2022
өлшемі243,29 Kb.
#24140
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
БОИТП

Тим Рассел кері байланыстың төмендегі он ережесін ұсынған:

1.Кері байланыстың теңгерімді болуы. Оқушылар кері байланыстың жаңа игерілген

дағдыларды қолдау немесе қолданыстағыларды жақсарту үшін қажет екенін білуі тиіс. Кері байланыс шын мәнінде назар аударарлық нәрселерге қатысты болып, жағымды және жағымсыз пікірлер айтуда тепе-теңдік сақталуы тиіс.

2. Кері байланыстың нақты болуы. Тренер шын мәнінде не болғанын белгілеп, нақты

детальдарын атап өткен жөн.

3.Кері байланыстың объективті болуы. Кері байланыс шын мәнінде болып жатқан фактілерді, осы оқиғалардың жағымды және жағымсыз әсерлерін қамтуы тиіс.

4.Кері байланыстың орынды болуы. Тренингте үйренушілер нақты қандай дағдыларын жетілдіріп жатқанын біледі, сондықтан осы дағдыларға қатысты кері байланыс алуы керек.

5.Кері байланыстың түсінікті болуы. Тренер кері байланыс беру кезінде кәсіби терминдерді абайлап қолданғаны, тілінің түсінікті болғаны жөн.

6.Үйренушінің көзқарасы мен мүмкіндіктеріне сай келуі. Кері байланыс сәтті болуы үшін тренингке қатысушылар ұсынылған тәсілмен жұмыс істеуге келісілген болуы керек.

7.Алдыңғы кері байланыспен салыстыру мүмкіндігінің ескерілуі. Ағымдағы жұмыс нәтижелерін алдыңғы әрекетпен қайта салыстыру мүмкіндігі болған жағдайда ғана прогресті бақылауға болады.

8. Іс-әрекет жоспарын қамтуы тиіс. Үйренушілерге олар пайдалана алмайтын ақпарат

ұсынудың маңызы болмайды. Кері байланыс мақсаты – адамға бір нәрсе үйренуге және зерделеуге көмектесу, сондықтан кері байланыс тек жетілдіру қажет мәселеге ғана назар аудару емес, сүйенетін әрі келісілген іс-шаралар жоспарын да қамтиды.

9. Жеткілікті болуы. Тренер табысы мен сәтсіздіктерін талдай отырып, әр қатысушыға жеткілікті уақыт бөлуі керек. 

10. Кері байланыс барысында ұсыныстың иерархиялық тәртіппен берілуі. Пікірлердің иерархиялық тәртіппен берілуі дегеніміз, ең маңыздылары бірінші кезекте болып, содан кейін аз көңіл бөлінетініне ауысу. 

Кері байланыс ұсыну тренердің негізгі және ең күрделі дағдыларының бірі десек, оған қол жеткізу үшін аталған ережелерді ескере отырып, жаттығудың ықпалы болуы тиіс .

Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог — ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ, деп көрсетті. (МАН, 38-бет)

Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім – менің пәнім тарих болғандықтан баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын.

Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан  оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Ал курстан кейін  сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырды.  Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін  ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді. Курста оқып келген мұғалімдердің сабағына қатыстым. Олардың оқушыларға диалог құрған кезде қандай жұмыс жасап жатқанын көргім келді. Сол мақсатпен сабақтарына қатысқанымда менде кездесетін проблема оларда да кездесіп жатқандығы байқалды. Сабақтан кейін бәріміз бірлесе отырып, сабағымызды талдау барысында диалогты оқытуды жақсарту үшін не істеуіміз керек деген сұраққа сабағымызда күнделікті диалогты пайдалану арқылы және баланы сабақта да, сабақтан тыс кезінде сөйлескен кезде де сыни тұрғыда ойлауына ықпал ететіндей сұрақтар қойып отыру керек деген ойға келіп тоқтадық.

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.

Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:



  • Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне, түсіндіруіне мүмкіндік береді;

  • Басқа адамдарда түрлі ойлардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

  • Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

  • Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. (МАН, 38,39-бет).

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет