1 Практикалық сабақ Тақырыбы Білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама



бет27/31
Дата20.01.2022
өлшемі243,29 Kb.
#24140
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
БОИТП

Жазбаша берілген кері байланыс

Кеңейтілген, толық немесе қысқа, кеңейтілмеген («жақсы», «жарайсың», «дұрыс», «дұрыс емес») т.с.с.

Жазбаша пікірлер, комментарийлер, рефлективтік есеп, эссе, мәдени күнделік жүргізу т.с.с.

Кері байланыстың қай түрі болмасын, тренер (мұғалім) мыналардың маңыздылығын үнемі есте сақтауы керек:

• Мұғалім (оқушы) нені жақсы орындағанын белгілеп отыру;

• Қателіктер болған жағдайда тренерге, мұғалімге (оқушыға) өзінің жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныс беру.

Деңгейлік курс кезіндегі тренинг барысында кері байланыс нәтижесі бойынша оқыту үдерісін жақсарту мақсатында мұғалім іс-әрекетіне түзетулер енгізіледі. Күнделікті

рефлексиялар, жазбаша комментарийлер, бақылау, сындарлы және фронтальды сұрақтар, эсселер, мәдени күнделік жүргізу, өзін-өзі бақылау дәптерлері және т.б. кері байланыс құралдары болып табылады.

«Деңгейлі бағдарлама аясында дайындықтан өткен барлық тренерлер тыңдаушылардың қажеттіліктеріне, білім беру жоспарларының талаптарына жауап беретін, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қамтитын келісілген оқу бағдарламаларын жоспарлайды».

Тренерге тізбектелген сессияларды жоспарлауға қолдау көрсету мақсатында бақылауға дейінгі сұхбат кезінде жоспарлау бойынша эксперт тарапынан формативті пікір ұсынылады.

Мұғалімдерге, тренерлерге арналған стандарттар оқытумен оқу қағидаттарын және оларды бағдарлама аясында іс жүзінде қолдану тәсілдерін зерделеуге негіз болып отыр.

Тренерлердің практикасын бақылау жолдары арқылы тренерлерге кеңес беру, өз практикасы мен білімін дамытуға қолдау көрсету, тренерлер мен мұғалімдердің стандарт талаптарына сәйкес келуіне көмектесу мақсатында тізбектелген сессияларм бақыланады. Тренердің оқыту тәжірибесіне қолдау көрсету мақсатында конструктивті пікірмен қамтамасыз ету үшін тренердің оқытуына формативті пікір ұсынылады.

Тренерлердің сабағы эксперттің бағалау құралына сәйкес Жоспарлау, Оқыту, Оқу, Бағалау деген төрт критерий бойынша қадағаланып, бағаланады. Уақыт өткен сайын практиканы бақылау кезінде тренерлер тәжірибесінің байығаны, формативті бағалаудың түрлі тәсілдерін қолданатыны көрініс табуда. Бірін-бірі бағалау, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, ауызша және жазбаша кері байланыстың түрлі құралдары қолданылады. Кейбір тренерлердің өзінің кері байланысын сызба, схемалар арқылы визуалдандырып ұсынуы үйренушілердің тиімді қабылдауына ықпал етеді.

Ауызша және жазбаша кері байланыс оқытудың кез келген бөлігінде қолданылады. 

Ауызша кері байланыс кезінде мұғалімдер бағдарлама ресурсында берілген сыни ойлауға жетелейтін сұрақтарды басшылыққа алады және тренер тарапынан да сындарлы, формативті сұрақтар беріледі. Мәселен, бақыланған сабақтардан мысалдар келтіретін болсақ:-Коучинг тақырыптары мектепті дамыту жоспарындағы басымдыққа сәйкес келе ме? Коучинг пен тәлімгерліктің тиімділігін қалай анықтадыңыз? Келешекте қалай қолдау көрсетесіз? сипатындағы сұрақтар қойылды.

Гиббс пен Симпсон (2002) оқуды қолдайтын формативтік бағалаудың он бір талабының жетеуі пікірлерге негізделенгенін айтады. Кері байланыс әрекетін жүзеге асыру мақсатында мұғалімдер ортаға салған әріптестерінің жұмысына жазбаша пікірлерін білдіреді.

Үйренушілер әріптесінінің жұмысына және өзіне-өзі баға берген кезде тренер:-Басқа әріптесіңіздің есебін оқып отырып, өзіңіз не үйрендіңіз? Немесе –Сізге әріптесіңіздің берген кері байланысы қаншалықты пайдалы болды? Деген сұрақтар қоя отырып, мұғалімдер үшін берілген тапсырмалардың тиімділігін анықтай алады. Профессор Джон Хэттидің кері байланысқа қатысты зерттеуі көрсеткендей, пікір кез келген басқа факторға қарағанда жетістіктерге жету үшін үлкен ықпалға ие және келесіні айтады: «Пікір оқушылардың үлгеріміне ықпал ететін ең қуатты факторға ие».

Сонымен қатар, сабақ соңында берілген стикерлерге әр мұғалімнің өзінің қандай нәтижеге жеткенін көрсетіп, сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын саралап, сұрақтарын беруі арқылы сабақтың қорытындылануы жалпы барлық тренингтерге тән рефлексия.

Мәселен, бақыланған тренингтердің бірінде тренер көшбасшы ретінде оқытуды басқара алатынын, топта ынтымақтастық қарым-қатынасқа, жоғары мәдениетке негізделген оқыту ортасын құра білетінін, өзінің белсенділігі өте жоғары, кері байланыс берудің түрлі тәсілдерін қолданатынын көрсетті. 

Дегенмен, үйренушілердің кері байланыс беруде әлі де сындарлы (конструктивті) пікір бере алмай жатқандығы көрінді.

– Сіздің осы тақырыпқа қатысты көп еңбектенетініңізге қарамастан, бұл мәселенің туындауы неліктен? деген эксперт сұрағына бір тренер: - Кері

байланыс беру сыни ойлаудың жоғары дағдысын талап ететіндігін, мұғалімдерде әлі де болса қалыптасқан дағдының жетіспей жатқандығын дәлел ретінде ұсынды. Тренерге болашақ практикасында мұғалімдердің кері байланыс бере алуын жетілдіру мен белсенділігін арттыру қажеттілігі жайында ұсыныс айтылды. Бұл – тренингтерді бақылау барысында өте жиі айтылатын ұсыныс: не тренердің тарапынан берілетін ашық, сындарлы сұрақтардың аз қойылуы немесе мұғалімдердің сындарлы сұрақтар мен ұсыныстар беруде қиналатыны барлық деңгейлердегі тренерлер мен мұғалімдер үшін әлі де ойлануды қажет ететін ортақ мәселе.

Расселдің пікірінше, кері байланыс тиімді тренингтің түйінді элементі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет