1 Практикалық сабақ Тақырыбы Білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама



бет29/31
Дата20.01.2022
өлшемі243,29 Kb.
#24140
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
БОИТП

«Диалогтік оқытудың тиімділігі»

1934 жылы Л.Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екенін тілге тиек еткен.Л.Выготский танымдық дамудың оқушылар өздерінің «Жақын даму аймағында» ( (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен.ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек.Бұл қолдау қарым қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді.(Нұсқаулық 103-бет).

Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.

Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады.

Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады.

Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Әңгіменің үш түрін көрсетті.



Әңгіме-дебат

Кумулятивтік әңгіме

Зерттеушілік әңгіме

Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады.

·8-сыныпта «Бөкей хандығының құрылуы тақырыбында» ашық сабақ өткіздім. Оқушыларды екі топқа бөліп, Жәңгір хан жүргізген шаралардың жағымды және жағымсыз жақтарын айтқызып әңгіме дебат құрғыздым. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерін қорғады, постер жасады, сыни тұрғыдан ойлауға үйренді.

·7-сыныпта «Ұлы Жібек жолы» тақырыбын өткенде оқушыларға: Ұлы Жібек жолының қазақ елі үшін қандай маңызы болды?деп сұрақ беру арқылы оқушылардың пікір алмасуына, өз ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келу арқылы сыни тұрғыдан ойлануына мүмкіндік беруге болады?

·8-сыныпта«ХVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан» тақырыбында өткізілген сабақта оқушыларға тарихи құжат материалдарына сүйеніп Қазақстандағы жер саясатының отаршылдық мәні неден көрінді? Мысалдар келтіріңдер,- деп сұрақ қою арқылы ойлануға тапсырмалар берілді.

Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі — төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады.

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады. Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді.

Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір — бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым — қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

8- сыныпқа өткізген cабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, әр сабақтың тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақтар, сұрақ — жауап, тексеру сұрақтарын дайындалды.

Мысалы: қазақстан тарихы «ХІХ ғ. 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар» тақырыбын өткізген кезде:

·Неліктен патша үкіметі Қазақстан аумағында әкімшілік реформаларды жүргізді?

·Реформалар бойынша қандай әкімшілік аумақтық бөлініске бөлінді?

·Басқару құрылымының ерекшеліктері неде?

·Реформалардың отаршылдық сипаты неден көрінді?

·Не себепті көтеріліс басталды?

Оқушылар өз сабақтарында тақырыпта не оқылатынын, нені білу керектігін, ненің маңыздылығын түсініп сезінді.

Оқушылар тақырып бойынша мұғалімге оқушылардың білім деңгейінің қандай екенін түсінуіне ықпал ететінін сабақ барысында бақыланды.

Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме — мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан, оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі — топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды.

Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы. Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.

Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады. Ол үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынамалау, қайта бағыттау сияқты әр түрлі технологияларды пайдаланылды.

Сынамалауға арналған сұрақтар: оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, ойларын анық білдіруге көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. Мысалы:

·Реформалардың отаршылдық сипата болуын дәлелдейтін деректер келтіріңдер.

Қайта бағыттау сұрақтары: сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау. Мәселен: жоғарыда аталған сұрақтарға жауап беруге кім көмектеседі?

Нейл Мерсер, А. Дайалогос пен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру қажеттігін айтты.

Бірлескен, яғни оқушылардың топтық жұмыстарда ынтымақтастық арқылы өзара дамуын қалыптастыруды меңгерту мақсатында түрлі тапсырмалар орындады.Проблемалық тапсырмаларды шешуде диалог арқылы жұмыстар ұйымдастырылды.

Мәселен, 7- сыныпта «IХ ғ. соңы- XI ғ. басындағы Қимақ қағанаты » тақырыбын өткенде оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша екі топ:

·Қимақ қағанатының күшеюіне әсер еткен оқиғалар.

·Қимақ қағанатының әлсіреуіне әсер еткен оқиғалар

диалог арқылы өзара әрекеттесіп, әңгімелесіп бір — біріне өздерінің ой — пікірлерін білдіреді. Тапсырма орындауда топтық әңгімеде оқушылардың әрқайсысы диалогқа түсті өз идеяларын, шешімдерін ұсынды, ауызша, жазбаша дәлелдеді, дұрыс пікірді құптап келісімге келді. Оқушылар өзара әрекетпен нәтижеге жету мақсатында пікір алмасып өздерінің күш жігерін жұмсады. Мұндай тапсырмалар балалар үшін өте қызықты болды. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен оқытуға қол жеткізу аясында табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басым болады. Әңгімелесудің маңыздылығын, оның білім алуда ажырамас бөлігі екенін зерттеу барысында дәлелдеді.


Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.

Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды.  Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер  оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Диалог түрінде оқытуға сонымен қатар Бахтин (1981), Мерсер (2005), Велс (1999) және Вуд (1998) жұмыстарында тоқталған. Оқушыларға әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады.

Адамдар диалог әдісін қолдана отырып, білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

Выготский когнитивті даму оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. Выготский қолдау қарым-қатынасты қамтиды және қолдау- оқытудың негізгі құралы деп есептейді. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.

Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады.

Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.

Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

-оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

-басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

-оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

-мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет