1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет20/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп
Жақсылық пен жамандық — болды сегіз.
Антоним мен грамматикалық тәсіл арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағына бір емес. Оларды былайша салыстырып көрсетуге болады:

Антоним
сулы — құрғақ
көңілді — қапа
ал — бер
жақсы — жаман

Болымды — болымсыз
сулы — сусыз
көңілді — көңілсіз
ал — алма
жақсы — жақсы емес

31-жаттығу. Төмендегі сөздердің ішінен антонимдерін іріктеп алыңыздар да, қалғандарының антоним бола алмайтынын түсіндірініздер.
Ақылды, үнемді, ұйқылы, талапты, өжет, ақымақ, пайдалы, ояу, өң, тұр, отыр, ұйқысыз, ынжық, талапсыз, ақылсыз, түс, отырма, зиян, пайдасыз, ұқыпты, салақ, ұқыпсыз, тұрма, үнемсіз, жігерсіз, шын, жіңішке, жұмсақ, тұйық, өтірік, қатты, жуан, жіңішке емес, өтірік емес, ашық, берік, осал, кес, кеспе, ақырын, тез, жылдам, жай, қыбырсыз, аш, ашпа, жап, жаппа.

9 практикалық сабақ. Идиома.


Идиома деп іштей бөліп-жаруға келмейтін және оның тқтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалык мағынасына байланысты тумаған сөздер тобын айтамыз.
Мысалы: бүйректен сирақ шығару (орынсыз, жөнсіз іс), мұртын балта кеспейді (ешбір кемшілік, мұқтаж көрмеу), аузына құм құйылды (жеңілу, үндемей қалу), жер-жебіріне жету (ұрсу, сөгу).
32-жаттығу. Берілген идиомалары мағыналық жақындығына қарай топтастырып, қай сөзге балама болатындығын анықтаңыздар.
Мұрнын көкке көтереді; ешкімнің ала жібін аттамайды; қара қылды қақ жарған; мойнына су кетіп жүр; көз еті өскен; сағы сынды; кежегесі кейін тартады; аузына ақ ит кіріп, қара ит шықты; төбе шашы тік тұрды; ұнжырғасы түсіп жүр; тауы шағылды; салы суға кетті; сиыр құйымшақтатып жіберді; жегенін желкесінен шығарды; бір ұрты – май, бір ұрты қан; жүрегім тас төбемнен шықты; жігері құм болды; ит терісін басына қаптады; сай сүйегім сырқырады.
Фраза
Тұрақты тіркестің бір түрі — фраза. Ол да идиома сияқты түйдекті тіркес қалпында айтылады. Алайда мұның идиомадан айырмашылығы құрамындағы сөздердің бәрі не біреуі өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айрылып қалмайды. Мысалы: тайға таңба басқандай; тепсе, темір үзеді; еңбегі жанды; су жұқпайтын жорға; сегіз қырлы, бір сырлы; бұраң бел, алма мойын; асқар тау. Бүл тіркестердің мағынасы құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасынан онша алшақ кетпейді. Тайға таңба басқандай деген фраза анық деген сөздің баламасы болса, мұнда оған негіз болып тұрған нәрсе – таңба басу деген тіркес; тепсе темір үзеді дегенде, мықтылықты, жастық жігерді көрсетуге ұйтқы болып тұрған сөз – тебу мен үзу; ал бұраң бел, алма мойьін, асқар тау дегенде тіркестердің екінші сыңарлары өздерінің негізгі мағыналарын бүтіндей сақтап тұрады.
Идиомалар сияқты, фразалық тіркестер де сөзімізді өткір, көрікті, образды ету үшін жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет