1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет32/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Сөз таптарының түрлері.
Тілдегі сөздердің мағынасы алуан түрлі. Бір топ сөздер заттың атын білдіреді, онымен бірге заттық сындық, сандық белгілерін білдіретін сөздер де бар: жақсы адам, қызық кітап, жасыл жапырақ, отыз үй, қырық бала, он жылқы дегендердегі адам, кітап, жапырақ, үй, бала, жылқы заттардың аты; жақсы, қызық, жасыл – сындық белгілері; отыз, қырық, он – сандық белгілер.
Өмірдегі заттың қимылын, қимылдың болған мезгілін, орнын, қалай болғанын білдіретін де сөздер бар: Әкем кеше жоғары отырды дегендегі отырды – заттың қимылын, кеше – қимылдың болған мезгілін, жоғары - қимылдың орнын білдіріп тұр.
Осындағы әкем деген сөздің орнына ол деген сөзді қолдануға болады: Ол кеше жоғары отырды. Мұндай сөздер өзінше бір топ құрайды.
Сонымен бірге адамның көңіл күйін білдіретін сөздердің мағынасы жоғарыдағы сөздерден басқаша: алақай, қап, әттегенай, үһ т. б.
Тілдегі сөздердің мағынасы ғана мұнда түрліше болып қоймайды. Олардың түрленуінде де үлкен айырма бар, бірімен-бірінің тіркесуінде де ерекшелік мол, сөйлемдегі орны мен қызметі де түрлі-түрлі.
Осы ерекшеліктеріне қарай, қазақ тіліндегі сөздер төмендегіше бөлінеді.
1. Зат есім (қала, ауыл, мектеп, дәптер, адам, оқушы, мал, жылқы, ағаш т. б .).
2. Сын есім (жақсы, әдемі, қызыл, көк, үлкен, жарық, кең, қызық т. б .).
3. Сан есім (бес, сегіз, он, он бес, жүз, екі жүз елу бес т. б.).
4. Етістік (сөйле, кел, жүр, оқы, бер, ал, орында, тоқта, өсір, гүлде т.б.).
5. Есімдік (мен, сен, ол, біз, сіз, олар, өз, неше? қашан? әлдеқашан, ешкім т. б .).
6. Үстеу (бүгін, биыл, ертең, кеше, жоғары, төмен, бері, әрмен, бүрсігүні т. б.).
7. Еліктеу сөздер (гүрс, тарс, сылқ, жылп, жалт, қаңқ, тырс, сырт т.б.).
8. Одағай (бәрекелді, пәлі, қап, алақай, ойпырмай, әттең, аһа, уһ, ой т. б.).
9. Шылау (ды, мен, және, шейін, дейін, ақ, мыс, ғой, ау, қарай, арқылы т. б.).
Зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерді жалпы атаумен есім сездер (есімдер) деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет