1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет48/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Ауыспалы осы шақ. Үнемі болып тұратын қимыл-әрекетті білдіретін етістіктің шағын ауыспалы осы шақ дейміз. Мысалы: Құс ұшады . Адам сөйлейді. Балық жүзеді. Өзен ағады.
Ауыспалы осы шақ етістіктің түбіріне көсемшенің -а, -е, -й жұрнағы мен жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: кел-е-мін, бар-а-мын, көр-е-мін т. б.
Ауыспалы осы шақ нақты сөйлемде ғана ажыратылады. Мысалы: Қөлдің жағасында отырған аз үйлі, шағын, екі-үш ауыл сағыммен бұлдырап көрінеді (С. С ). Қой, Балжан қарындасымды қаңғырта алмаймын, үйге алып қайтамын (Б. М.).
Бірінші мысалда қимыл сөйлеушінің хабарлаған кезімен сай келсе, екінші мысалда қимыл сөйлеушінің хабарлаған кезінен кейін болатыны көрінеді.
Ауыспалы осы шақ дара және күрделі түрде болады. Келемін (дара) – келіп жүремін (күрделі).
Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрі -ма, -ме жұрнағы арқылы жасалады. Күрделі түрінде болымсыздық жұрнақ кейде негізгі етістікке, кейде көмекші етістікке жалғанады. Мысалы: жазып отырмайды – жазбай отырады, оқып келмейді – оқымай келеді, санап қоймайды – санамай қояды, сезіп тұрмайды – сезбей тұрады т. б.
70-жаттығу. Оқып шығып, нақ осы шақта тұрған етістіктерді теріп жазыңыздар; содан кейін оларды құрамына қарай талдаңыздар.
1. Лиданың өз шешесі – мұғалима жаздан бері партизандар ішінде жүр. 2. Қөрінген бұтаны бой таса жасап, қалаға қарай жалғыз әйел келе жатыр. 3. Міне, біз екі шалқардың арасында тұрмыз (Ғ. М.). 4. Бүгінгі сөзіңізге таң қалып отырмын (3. Қабд.). 5. Ол өз ойын өзінше топшылап жатыр. 6. Тыңдаңдар, міне, қаладан хабар естіп отырмын (М. Ә.).
2. Келер шақ
Келер шақ сөйлеушінің хабарлауынан кейін болатын қимыл-әрекетті білдіреді. Мысалы: Қайыр бүгін күндізгі сағат үште ұшады (3. Ш.). Бұл мысалдағы етістік әлі болмаған, келешекте болатын қимылды білдіріп тұр.
Келер шақ мағынасына қарай үшке бөлінеді: болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ.
Болжалды келер шақ. Келер шақтың бұл түрі қимыл-әрекеттің келешекте болу-болмауына күмәндануды, болжал-жорамал жасауды білдіреді. Мысалы: Завод директоры ғой, бір ақыл табар (3. Ш.).
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р, -с жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Бұдан кейін жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы: кел-ер-міз, бар- ар-сыз, тыңда-р-сың.
Болжалды келер шақтың болымсыз түрі етістіктің түбіріне -ма, -ме, (-ба, -бе, -пе) жұрнағы жалғанып, одан кейін есімшенің жұрнағы мен жіктік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Taп бере қалса, онымыз он-оннан жастығымызды ала құлауға да ризалық бермеспіз (Ғ. М.).
Болжалды келер шақтың болымсыз түрі емес сөзінің тіркесі арқылы да жасалады, мұндайда жіктік жалғауы емес сөзіне жалғанады. Мысалы: Үйренер емеспіз, айтар емессің, тыңдар емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет