73-жаттығу.Оқып шығып, бұйрық райда тұрган етістіктерді көрсетіңіздер.
1. – Жатсам, жатайын, – дедім мен (С. М.). 2. – Мынау қырық атты қыс бойы қалаға пішен тасып көлік етсін (М. Ә.). 3. – Ал, бала, қалғиық онда! – деді Қадыр әрі қарай аунап түсіп (С. М.). Аттарыңның ауыздығын алыңдар! (М. Ә.) 5. – Meнен не туралы болса да, сұраңыз! – деді (С. М.). 6. Әйелдер жайын сөйлеңдер! – деп, Ысқаққа қарады (М. Ә.). 7. Ендеше, шуланға төсек caп берейін (С. М.). 8. Тез менің соңымнан еріңіз! – деді (М.Ә.).
2. Қалау рай.Қимылды субъектінің қалайтынын, тілейтінін білдіретін етістіктің түрін қалау рай дейміз. Мысалы: Менің аралай қайтқым келеді (С. М .). Сонда да айтқыза түсіп, танығысы келеді. (М. Ә.)
Қалау рай мағынасына қарай 2-ге бөлінеді: ерікті қалау рай, тілекті қалау рай.
Ерікті қалау рай. Ерікті қалау рай етістіктің түбіріне ғы, -гі, -қы, -кіжұрнақтары жалғанып, оған кел көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Амантайдың жігітке көмектескісі келеді. Ерікті қалау райдағы етістікке жіктік жалғауы жалғанбайды, жақтық мағына тәуелдік жалғауы арқылы беріледі. Мысалы:
Менің оқығым келеді. Сенің оқығың келеді. Оның оқығысы келеді. Ерікті қалау рай тәуелдік жалғауында тұрғандықтан, қимыл иесі білдіретін сөз ілік септікте тұрады. Мысалы: Сенің білгің келеді. Ерікті қалау рай жаксыз сөйлем жасайды.
Тілекті қалау рай. Тілекті қалау рай төмендегіше жасалады:
1. Етістіктің түбіріне -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнақтары жалғанады. Мысалы: Ол есгігей еді. 2. Етістіктің түбіріне шартты райдың -са, -се жұрнағы жалғанып, оған игі сөзі мен е көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Кейде игі сөзінің тіркесінсіз де жасала береді. Мысалы: Көрсе игі еді, алса екен. Тілекті қалау райдың жақтық мағынасы жіктік жалғауы арқылы беріледі. Мысалы: Мен білгеймін. Мен қалсам игі еді. 74-жаттығу. Оқып шығып, қалау райда тұрған етістіктерді теріп жазыңыздар да, қай түрі екенін айтыңыздар.
– Беліңді әрдайым бекем буғайсың! 2. Тек айтқаны колынан келсе игі еді (М.Ә). 3. Бірақ Асқардың Асанды көре кеткісі келді (С.М.). 4. Жақсы ағаның зор дәмесін әмсе өстіп ақтағайсың! 5. Соны ұққайсың! (М. Ә.). 6. Балтасына оның тез жеткісі келді. 7. Күш келген жерден Асқардың тартынғысы да келмейді. 8. Оның қалғысы келді (С. М.). 9. Ойпырмай, қалқам Абай-ай, қиын болмаса игі еді (М. Ә.). 10. Мұныңыз ілімге сәйкес келсе игі еді (Ғ.Мұст.).
3. Шартты рай. Қимыл-әрекеттің болу я болмау шартын білдіретін етістікті шартты рай дейміз. Мысалы: Осыған уәде бермесең , жөнімді айтпаймын (М.Ә.).
Шартты рай етістіктің түбіріне -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың жақтық мәні жіктік жалғауының қысқа түрі арқылы беріледі.