1. Психолгия пәні дегеніміз


Жас ерекшелік сипаттамасы?



бет15/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
психология 90 сұрақ

32.Жас ерекшелік сипаттамасы?
Психологияда
Мектепке дейінгі балалық (1-3 жасқа дейінгі)- сәби
Нақты мектепке дейінгі кезең (3-6 жасқа дейін)
Төменгі сынып оқушысы (6-10 жас аралығы)
Жеткіншектік (орта буын) жасы (10-15 жас арасы)
Бозбалалық кезең:
I кезеңі 15-17 жас арасы
II кезең 17-21 жас арасы
Толысқан шақ (21-60 жас)
Егде жас (60-75 жас)
Кәрілік жас ( 75-90 жас)
Ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан жоғары)
33.Баланың мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру.
Мектепке дейінгі шақ ішіндегі баланың мінез-құлық мотивтері 
айтарлықтай өзгереді. Мектепке дейінгі кішкентай бала, ерте сәбилік шақтағы 
тәрізді тым әр-түрлі себептерге байланысты сол сәттегі жағдайлық сезімдер мен 
тілектің ықпалы пайда болатын іс-әрекет жасайды, сонымен бірге қандай да бір қалдықты жасауға мәжбүр екендігі жөнінде өзіне-өзі айқын есеп бере алмайды. 
Мектепке дейінгі ересектердің қылықтары едауір саналырақ бола бастайды. 
Көптеген жағдайларда ол қазіргі сәтте неліктен басқаша емес, осылайша 
істегенін бүтіндей ақылға қонарлық түрде түсіндіріп бере алады. 
Әр түрлі жастағы балалар көрсеткен бірдей қылықтың түрткі себептері 
мүлде түрліше болуы мүмкін. Үш жасар бала тауықтарға қиқымды олардың 
жүгіріп келіп шоқығанын қарау үшін шашса, алты жасар бала үй 
шаруашылығындағы анасына болысу үшін істейді. 
Сонымен бірге мектепке дейінгі шақтағыларға тұтасынан алғанда тән, 
олардың мінез-құлқына ең көп ықпал ететін мотивтердің кейбір түрлерін бөліп 
көрсетуге болады. Бұған алдымен балалардың үлкендер дүниесіне қызығуымен, 
олардың үлкендерше іс-әрекет жасауға тырысуымен байланысты пайда 
болатын мотивтер жатады. Рөлді ойында үлкендерге ұқсағысы келген тілек 
жетелейді. Мұндай тілек көбінесе күнделікті мінез-құлықта қандайда бір 
талапты балаға орындаттыратын тәсіл ретінде пайдалануы мүмкін. «Сен 
үлкенсің ғой, ал үлкендер өздері киінеді»,- дейді балаға оның дербестігіне 
түрткі сала отырып. «Үлкендер жыламайды»,-деу баланың көз жасын 
тыйдыруға мәжбүр ететін күшті дәлел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет