1. Психолгия пәні дегеніміз


Қабылдаудың ерекшеліктері



бет18/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
психология 90 сұрақ

38.Қабылдаудың ерекшеліктері.
Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.
Ерекшеліктері.
1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері, түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады
4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты. Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.
39.Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтауы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерін зерттеп, баланы психологиялық тұрғыдағы дамыту және түзету мәселелерін басты орынға қойған жөн. Баланың бойында есте сақтау қабілетін толық жетілдіру әлі де жүзеге асырылмай отыр.
Естің арнайы рамкада (жоғары психологиялық функциялары жайлы) - фило және онтогенетикалық дамуы, өз бетімен және өз бетімен емес, тікелей және жанамаланған ес деп кезеңдерге бөлініп жазылуы Л.С.Выготский тәжірибелерінде баса көрсетілген 
Мектепке дейінгі балалық шақ ырықсыз зейін мен естің басым болатын шағы. Бала өзі үшін тікелей қызықты саналып эмоциялар қоздыратын нәрсеге зейінді келеді және соларды есінде көбірек сақтайды. Сөздік пікірлерден гөрі көрнекі бейнелер әлдеқайда оңай есте қалады. Есті дамытудың үлкен өзгеріс сәті – бала алдына есте қалдыру мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдана бастайды. Мысалы, Балаларға өлең, тақпақ, ертегі, әңгімелер жаттатып, оны жиі қайталатып, есіне түсіріп отыру – есті дамытудың басты шарттарының бірі. Мектепке дейінгілердің өмір тәжірибесі, білім қоры жеткіліксіздігінен, олардың есте қалдырулары мен еске түсірулері көбінесе сыңар болып келеді, сол себептен тәрбиешілер мен ата-аналар балалардың есту қабілетінің белсенді, логикалық түрлерін дамытуды ойластырулары керек. В.А.Суворовтың «Ес – ақылдың қазынасы, бірақ сондағы байланысты орын-орнына қойып, пайдаланған дұрыс» деген сөзіне көз жеткізгендей болдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет