1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері


Темперамент туралы жалпы ұғым. Темперамент типтерінің сипаттамасы



бет23/24
Дата13.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#73660
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
№1РК ПСИХОЛОГИЯ

25.Темперамент туралы жалпы ұғым. Темперамент типтерінің сипаттамасы
Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық ісәрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының және психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
Төрт түрлі сұйықтықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған, ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен. Темпераменттер төрт түрлі сұйықтық заттарға байланысты:
денені жылытатын – қан,
салқындататын – шырын,
құрғататын – бауырдағы өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ).
Неміс философы И.Кант өзінің “Антропология” деген еңбегінде темпераменттің 4 түрі туралы толық психологиялық сипаттама береді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір – біріне балама ретінде қарастырды.
Неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе,
орыс антропологы Н.Л.Зеланд ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді.
Орыс педагогы П.Ф.Лесгафт темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.
Темпераменттің конституционалдық негізін салғандар:
Э.Кречмер, У.Шелдон. Бұл теорияға сәйкес адамдардың темпераменті дене бітіміндегі айырмашылықтармен анықталады. Осыған байланысты дене бітімінің төрт типін Э.Кречмер ажыратты.
Холерик
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады. Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.
Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет