5.Адам психикасы және санасы Психика, бұл адамның қоршаған ортамен қарым қатынас кезінде пайда болған, және де адамның қимыл іс әрекеті мен ойлау процесіне әсер ететін, шынайы құбылысты өзінше қабылдау түрі. Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.
Психиканың көріну формалары:
Біріншіден,психикалық құбылыстар:ішкі,субьективтітәжірбие фактілері,яғни ойлар,сезімдер,бейнелер,тілектер.
Екіншіден,психологиялық фактілер:мінез-құлық фактілері,саналы ұғынылмайтын психикалық үдерістер,психосоматикалық құбылыстар,адам іс-әрекетінің өнімі және материалдық,рухани мәдениет өнімдері.
Ал,адам және жануар психикасының айырмашылығы:
Бірінші айырмашылық-адам мен жануардың ойлауының дамуында.
Екінші айырмашылық-адам еңбек қаруын жасап,сақтай алады.
Үшінші айырмашылық-адам мен жануарлардың сезімінің ерекшелігінде.
Төртінші айырмашылық-адам мен жануарлардың даму жағдайларында.
Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым- қатынасында қоғамдық еңбек іс- әрекетті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі. Сана адамға табиғат пен қоғамның заңдарын жан- жақты білуге көмектеседі. Осы заңдарды білуге сүйене отырып, адам қоршаған ортаға қажетілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және бейімдейді. Демек, сана,- бейнелеудің белсенді танымдық және өзгертуші түрі.
Адамның саналы іс- әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі- адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысты міндетті емес. Кей жағдайда адамдардың адамдардың саналы қызметі, биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағындайды, олармен қарама- қарсылықта болады немес оларды басып тастайды.
Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшілік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.
Үшінші ерекшелігі- жануарлардың мінез- құлқынан адамның саналы іс- әрекетінің айырмашылығы білімі мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталғанг және оқуда берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады. Демек, адамдардың меңгерген білімдері, ептіліктері, мінез- құлық тәсілдері оның өз тәжірибесініңнәтижесі емес,ұрпақтардың қоғамдық- тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметін жануарлардың мінез- құлқынан түбірінен ерекшелейді.