1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері


Түйсік пен қабылдаудың негізгі түсініктері. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері



бет5/24
Дата13.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#73660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
8. Түйсік пен қабылдаудың негізгі түсініктері. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
Түйсік дегеніміз не?Түйсік дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер. Мысалы,белгілі біп адамның көзін жұмуын өтінсек алақанына белгісіз бір затты қойсақ яғни тигізсек,сосын одан оның не екенін сұрасақ ол: "қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедір-бүдыр бір нәрсе" деп жауап береді. Заттардың накты атауы емес, тек түрлi қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік деп атаймыз.Түйсік бұл психикалық үрдіс.
Түйсiктер сезiм мүшелерiмiзге байланысты көру түйсігі, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi, кинестетикалық, вибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлінетінін білеміз. Атам заманнан ақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесiне орай көру, есту, сипау, иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан. Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20 дан астам түрлi талдағыштар бары белгiлi
Түйсiктердiң ең iрi жəне маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған нақты тоқтала кетсем:
1. Интероцептiк,
2. Проприоцептiк,
3. Экстероцептiк.
Интероцептік түйсік
Интероцептiк түйсiктер дегеніміз дененiң iшкi процестерiне байланысты, яғни iшек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да iшкi құрылым қатпарларындағы тiтiркенулердi миға жеткiзiп отырады. Түйсiктердiң бұл тобы тiрi ағзаларда пайда болу жағынан ең көне əрi өте қарапайым түрi. Интероцептiк түйсiктердiң пайда болуы мен олардың жүрiсiн түсiндiрiп бiлу өте қиын, сонымен бiрге нақты қозу нүктесiне ие емес, яғни диффуздық күйде болады, осыдан бұлар адамның көңiлкүй қалпына жақындау келедi.
Проприоцептік түйсік
Проприоцептiк түйсiктер дегеніміз дененiң кеңiстiктегi қалпы жөнiндегi ақпараттармен қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк (афференттiк) негiзiн құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсiктер тобының шеткi (перифериялық) рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тəндерi формасында берiлген .Осы жүйкелiк тəндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсiктердi бейнелейдi. Сонымен қатар,ерекше қасиеттерге ие теңдестiк жəне тұрақтылық түйсiктерi де кiредi. Олардың перифериялық рецепторлары iшкi құлақтың шеңберлi сайларында орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет