1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері


Қиял түсінігі, түрлері мен жасалынуы. Елес анықтамасы мен түрлері



бет9/24
Дата13.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#73660
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
№1РК ПСИХОЛОГИЯ

11.Қиял түсінігі, түрлері мен жасалынуы. Елес анықтамасы мен түрлері
Қиял- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс
Қиял- сыртқы орта заттары мен құбылыстарын өзгертіп бейнелеу,яғни,табиғатта жоқ заттың бейнесінің жасалынуы.
Қиялға мысал:ұшаққа,поездға отыра алуымыз(қиялдың нәтижесі)
Адамның жеке басына тән,өзінің болашақ арманы,мақсаты,жоспарын жүзеге асыру.
Қиялдың түрлері:

  1. Ырықты қиял(активті қиял)

  2. Ырықсыз қиял(пассив қиял)

  3. Арман

  4. Шығармашылық қиял

  5. Жасампаз қиял

Қиялдың жасалынуының негізгі төрт тәсілі бар:

  1. Схематизация

  2. Аглютинация

  3. Типизация

  4. Гиперболизация

Дәл қазір қабылданбайтын заттармен құбылыстардың миға түскен бейнесін елес деп атаймыз


Елес- сыртқы дүние заттары мен құбылыстары сезім мүшелеріне әсер ету арқылы жасалынған нақты бейнелерінің қайта жаңғыру процесі.
Елеске мысал:белгілі бір оқиғаны естігенде,кітапты(әдебиетті)оқыған кездегі ,сондағы персонаждың(кейіпкер) іс-әрекетінің көз алдымызда визуалды келуі.
Жалпылама түрде:

  • Бірегей елес

  • Жалпы елес

Ерік күшінің көріну дәрежесі бойынша:

  • Ырықты

  • Ырықсыз

Ұзақтығы бойынша:

  • Қысқа мерзімді елес

  • Ұзақ мерзімді елес

12.Сана-психика дамуының жоғары сатысы
Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың алғашқы ең қарапайым түрі жәндіктерге тән.
Психиканың ең жоғарғы формасы – адамның санасы.
Сана –адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Психика – айналадағы объективтік шындықтың біздің жоғары сатыда жетілген жүйке жүйемізде бейнеленуі. Адам дүниені бейнелеудің ең жоғарғы сатысы – санаға ие болады. Сана – тек адамға тән қасиет.
Психика,сана – материяның ең жоғарғы түрде дамыған жемісі және әрекеті.
Адам санасы – оның іс - әрекеті мен мінез –құлығын реттеудің ұғымдық тетігі. Сана адамның іс - әрекетке келуіне себептік ықпал жасап, әрі бағдар бере отырып, сол іс - әрекетте қалыптасады және көрінеді.
Адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта үш өзара байланысты денгейде қызмет етеді: бейсана, астар сана, ашық сана.
Бейсана деңгейі – адамда, жануарлар әлемінде тума инстинтктті – рефлекторлы қалыптасады.
Бұл деңгейдегі барша әрекет-қылықтар биологиялық тетіктер арқылы реттеледі.
Олардың бәрі биологиялық қажеттеліктерден туындайтын әрекеттер(қоректену, қорғану, ұрпақ қалдыру).
Астар сана деңгейі – жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген әрекет-қылық формалары- ептіліктері, дағдылары, әдеттері,
сезімдік көрегендігі (интуция).
Ашық сана деңгейі – бұл тұлғаның білімдері мен мәдени әлеуметтену саласы.
Ол көп жағдайларда адамның тума, табиғи құмарлықтары мен әдеттерін қадағайлайды, әрі шегеріп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет