1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері



бет6/24
Дата13.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#73660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Экстероцептiк түйсік
Экстероцептiк түйсiктер дегеніміз ең үлкен түйсiктер тобы болып келеді. Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние ақпаратын адам сезiмiне жеткiзу жəне қоршаған ортамен үздiксiз байланысты орнату болып табылады. Барша экстероцептiк түйсiктер тобы шартты түрде аралық жəне түйiсу түйсiктерi деп аталған екi бөлiкке жiктелген.
Қабылдау дегеніміз заттар мен құбылыстардың адамның сезім мүшелеріне әсер ету нәтижесінде пайда болатын мидағы тұтастай бейнеленуі.
Қабылдау- бенелеудің формасына байланысты үш түрлі болады:
кеңістікті қабылдау;
уақытты қабылдау;
қозғалысты қабылау.
Мақсатқа байланысты екі түрлі болады:
арнайы(ерікті)қабылдау;
арнайы емес(еріксіз)қабылдау.
Үйымдастырылуына байланысты екі түрлі болады:
-ұйымдаспаған қабылдау;
-ұйымдасқан қабылдау.
Қабылдау-аса көп талдап,біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет.
Қабылдаудың физиологиялық негізіне тоқталып кетсек.
Қабылдау- ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі.
Қабылдау-бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары-И.В.Павлов қатынас рефлексі деп атаған
Оның жалпы ерекшеліктеріне тоқталып өтетін болсақ

  1. Қабылдау тұтастығы - Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.Түйсiк заттардың жеке қасиеттерiнен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектерi жөнiндегi бiлiктердi бiрiктiру арқылы тұтастай бейне жаратамыз. Түйсiк құрайтын бөлiктер өзара өте тығыз əрi күштi байланысқан, мұны бiз сезiм мүшелерiмiзге кейбiр заттардың бiр қасиетi немесе бөлiгi ғана əсер етуденақ бiздiң санамызда сол заттың күрделi бейнесi туындайды (мақпал, мəрмəр тас).

  2. Қабылдаудың тұрақтылығы - біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.

  3. Қабылдаудың таңдамалылығы - Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады

  4. Аперцепция - Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша.

    1. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.

    2. Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады.

Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.
Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет