1 раздел Основные понятия информатики


Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы



бет27/72
Дата20.03.2023
өлшемі1,69 Mb.
#75555
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Емтихан билеті №8


Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні
Барлық білім беру бағдарламалары үшін

1. Деректердің компьютерлік жүйелерде бейнеленуі.


Cандардың берілуі
 Cандардың берілуі.
Ақпаратты компьютер жүйесі жадысында орналастыру (сандық және сандық емес) үшін кодтау әдісі, екілік код пайдаланылады.
Электронды есептеу машинасы (ЭЕМ) жадысында ұяшық8 биттен (байт) тұрады. Әрбір байттың өзіндік нөмірі бар, оны адрес дейді. Компьютерлік жүйелерде бір бүтін етіп өңдей алатын, биттің ең үлкен тізбегін машиналық сөз деп атайды. Машиналық сөздің ұзындығы процессор разрядтылығына байланысты, ол 16, 32 және т.б. биттерге тең болуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда сандарды компьютер жүйесі жадысында орналастыруда аралас екілік-ондық «санау жүйесі» пайдаланылады. Әрбір ондық белгіні сақтау үшін жарты байт (4 бит) және 0-ден 9 аралығындағы ондық сандар сәйкесінше екілік сандармен 0000 мен 1001 аралығында беріледі. Мысалы, 18 таңбалы сандардан әрі қарай және жадыда 10 байт орын алатын, олардың үлкені белгі болатын, бүтін сандарды сақтауға арналған ондық формат осындай нұсқаны пайдаланады. ЭЕМ сандарды орналастырудың екі кескіні пайдаланылады:
– табиғи форма немесе бекітілген нүктелі форма;
 қалыпты форма немесе өзгермелі нүктелі форма.
Сандарды табиғи форматта жазу мысалы:
38500 – бүтін сан, 0,000584 – дұрыс бөлшек, 6,2340 – дұрыс емес бөлшек.
Қалыпты түрінде жүктелген шектеулерге тәуелді, мысалы, санның қалыпты форматының жазбасы:
18340 = 1,834 ∙ 104 = 0,1834 ∙ 105 = 1834000 ∙10-2 және т.б
ЕТ-да сандардың шынайы форматында орналасуы тор разрядтылығының ұзындығына, бөлшек және бүтін бөлігінің тұрақты бөлінуіне қатысты болады. Сондықтан сандардың бұлай орналастырылуы бекітілген үтірлі деп аталады.
Сандардың қалыпты форматта берілуі жылжымалы үтірлі деп аталады. Жылжымалы үтірлі форматта берілген сандармен көбінесе әмбебап компьютерлік жүйелер жұмыс жасайды, ал арнайы компьютерлік жүйелер бекітілген үтірлі сандармен, бірақ көптеген машиналар сандардың екі форматымен де жұмыс жасай береді.
Әдетте, компьютерлік жүйелерде сандарды беру үшін биттік жиынтықтар пайдаланылады, ол белгіленген ұзындықтағы нөлдер мен бірлердің тізбегі. Тұрақты ұзындықтағы жиындарды ұйымдастыру техникалық тұрғыда айнымалы ұзындықтағыны теруден оңай. Биттік жиынтықтағы позиция разряд деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет